Мәселе

Электронды COVID паспорты жайлы мәліметтер қаншалықты рас

  • Электронды COVID паспорты жайлы мәліметтер қаншалықты рас

    Электронды COVID паспорты жайлы мәліметтер қаншалықты рас

Интернетте электрондық COVID-паспорты мәселесі талқылануда. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл құжатты әзірлеуді Рокфеллер Қоры қаржыландырады, сондай-ақ электронды денсаулық паспорты идеясы жеке деректердің қауіпсіздігін және қозғалыс еркіндігін бұзады, - деп жазды stopfake.kz.

Мысалы, блогер Екатерина Коваленко өзінің YouTube-тағы видеосында осы және басқа да мәселелер бойынша алаңдаушылық білдірді. StopFake.kz порталы мұндай паспорттың не үшін қажет болуы мүмкін екенін және әлеуметтік желілерде ол туралы қандай аңыздар тарағанын анықтады.

Электронды COVID паспорты бірнеше елде жасалып жатыр. Бұл &ndash пайдаланушының медициналық мәліметтері, соның ішінде COVID-19 тест нәтижелері және вакцинациялау туралы мәліметтер енгізілген мобильді қосымша атауы.

Фейк: жобаны Рокфеллер қоры қаржыландырады

Шындық: Электронды COVID паспортын бірден бірнеше ұйым әзірлеуде. Британиялық жеке меншік TentoHealth IT компаниясы COVI-PASS жобасын ұсынды.

Commons Project Foundation коммерциялық емес қоғамдық қоры &ndash CommonPass әзірлемесінің авторы.

VST Enterprises компаниясы V-healthPassport қосымшасын жасауда.

IBM корпорациясы да өз жобасын ұсынды &ndash Digital Health Pass.

Фейк: COVID паспорт интернет-банкинг парольдері мен төлем карталарының деректері секілді дербес мәліметтерді жинайды.

Шындық: әзірлеуші компаниялардың ресми сайттарында қосымшаларда тек медициналық мәліметтер ғана болады, олар өз еркімен, өз келісімімен жүктеледі делінген.

Сонымен қатар, қосымшалар Еуропарламент пен кеңестің жеке деректерді өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау және осындай деректердің еркін қозғалысы туралы ережелеріне бағынады.

Фейк: COVID-паспорттарды жасау міндетті болады.

Шындық: Бүгінгі күні мұндай ақпарат жоқ және болмайды, өйткені барлық электрондық денсаулық паспорттары әзірлену үстінде немесе тестілеу сатысында. Мысалы, Commons Project Foundation коммерциялық емес қоғамдық қоры ұсынған CommonPass нұсқасы Cathay Pacific Airways және United Airlines әуе компанияларында сынақтан өткізілуде.

Сондай-ақ, VST Enterprises компаниясының өз жобасын әлемнің 15 еліне, соның ішінде АҚШ, Португалия, Франция, Панама, Үндістан, Канада, Швеция, Испания, Мексика, Оңтүстік Африка, БАӘ және Нидерландқа жеткізуге келісімшарттар жасағандығы белгілі.

Tentohealth ресми сайтында қосымшасы биыл күзде көпшілік үшін қолжетімді болады деп жазылған.

Фейк: COVID-паспорттарынсыз жұмысқа қабылдамайды

Шындық: мұндай мәлімдемеге негіз жоқ. Әзірлеуші компаниялардың сайттарында қосымшаларды ұжымдағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін пайдалануға болады делінген. Бұл талапты міндетті түрде орындау керек екендігі туралы ештеңе жазылмаған.

Фейк: COVID-паспорттарының көмегімен адамдарды бақылауға болады.

Шындық: қосымшалар медициналық мәліметтерді жинау және сақтау үшін ғана жасалған, оларды қажет болған жағдайда, мысалы, әуежайда немесе жаппай іс-шараларда көрсетуге болады. Ресми әзірлеушілердің сайттарының ешқайсысында қосымшаларға GPS функциясы енгізілетіні туралы деректер жоқ.




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30