Мәселе

Елордада 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шаралар кестесі жарияланды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне арналған іс-шаралар тізімі жарияланды. Карантиндік шараларға байланысты іс-шаралардың бәрі онлайн өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Елорданың мектептерінде 6 мамырға дейін Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары мен кураторлық сағаттары, әскери-патриоттық тәрбиедегі әндердің онлайн байқауы өтеді. Онлайн шараларды Instagram желісіндегі @astana_jastary және @jas_sarbaz_nursultan парақшаларынан көруге болады.

 

Елорданың «Білім-инновация» лицей-интернаты» 5 мамыр күні мерекеге орай «Бір үзік сыр» сұхбатын өткізеді. Сыр-сұхбатты білім мекемесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан тамашалауға болады.

 

№4 қалалық емханада ІІ Дүниежүзідік соғысы ардагерлері мен оған теңелген тұлғаларға арнап медициналық тексеру ұйымдастырылады. Ал №2 қалалық емхана соғыс ардагерлеріне арналған үй күтімі жөніндегі дәрігерлер кеңесін өткізеді. Бұл шаралар 6 мамырға дейін жалғасады.

 

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Малиновка» іздеу клубымен бірлесіп, 5 мамыр күні тыл ардагерлерімен, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ өкілдерімен, сондай-ақ «Ерлікке тағзым, ардагерге – құрмет» әскери қызметшілерімен кездесу өткізеді.

 

Сонымен қатар 5-10 мамыр аралығында ІІ Дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге, «Отан қорғаушылар» мемориалдық кешеніне, М.Мәметова, Б.Момышұлы ескерткіштеріне онлайн экскурсия жүргізіледі. Толық мәліметтерді Мәдениет басқармасынан, Біріккен мұражайлар дирекциясынан, Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығынан алуға болады.

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні «Ақиқат пен аңыз» концерт-спекталін «Қазақстан» телеарнасы ұсынады.

 

Отан қорғаушылар күніне орай «ANK Live» студиясының тікелей эфирі Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен өтетін іс-шараны ұсынады. Онлайн шараны Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінен көруге болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы филармониясы оркестрінің қатысуымен 8 мамыр күні 22 соғыс ардагеріне арнап жылжымалы концерт ұйымдастырылады. Сол күні «Jas sarbaz» әскери-патриоттық жобасы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттері табыс етіледі.

 

Ал 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай елорда көшелерінде «Жеңіс жолдарымен» мобильді іс-шарасы өтеді. Дәл осы күні «Хабар» телеарнасында «Ер есімі – ел есінде» концерті жұртшылық назарына ұсынылатынын еске сала кетейік.

 

Айта кетейік, елордадағы іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді.

 

 

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 18:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31