Мәселе

Елордада жалғызбасты әке жертөлені жалдап тұрады

  • © Еуразия бірінші арнасы

    © Еуразия бірінші арнасы

Елордада жертөлені жалдап тұратын жалғызбасты әке мұңын шақты. Ер азамат әйелі өзгемен көңіл жарастырған соң, ұл-қызына өзі бас-көз болуда екенін айтады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Елордаға үлкен үміт арқалап келген бұл отбасы жертөленің бір бөлмесін 45 мың теңгеге жалдап тұрады.

 

"Қолым бос уақытта осылай үй жинап, киімдерін жинап, сөмкелерін жинап, оқу-құралдарын дайындап қоямын", - дейді жалғызбасты әке Айтан Мұқашев.

 

Ол тапқан-таянғанын, бары мен нәрін беріп, балаларын қолынан келгенінше бағып қағуда.

 

"Енді жылағың келеді. Сендерді кім туды десе, папа туды дейді", - деп қосты Айтан Мұқашев .

 

Анасы үйінің кенжесі 7 айлық сәби кезінде тастап кетіпті. Қазір баланың жасы төртке келген.

 

"Не айтамын қазір енді? Балалар өсті, 3 жыл болды онсыз тұрып жатырмыз. Басқа не айтайын енді? Аман болсын қайда жүрсе де", - дейді балаларының анасы жайлы жалғызбасты әке Айтан Мұқашев.

 

Көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қайырымды істі жалғасытырғыларыңыз келсе, Еуразия бірінші арнасының редакциясына хабарлассаңыздар болады: 8 (7172) 75 73 29.

 




Көрілген: 271    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31