Мәселе

Ешқандай нәтиже бермейтін оқулықтарды қоқысқа тастау керек

  • Ешқандай нәтиже бермейтін оқулықтарды қоқысқа тастау керек

    Ешқандай нәтиже бермейтін оқулықтарды қоқысқа тастау керек

БІЛІМ-ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ НАЗАРЫНА!

 

Алмаханбет Туреханов 

Тыныштықбек бауырым, өте орынды талап қойыпсыз. Ұлттық кеңестің соңғы отырысында Тоқаев мырза "мемлекеттік тілді үйретудің тиімділігін арттыру керек" деген бір ойды айтып қалды. Мен 80 жылдық өмірімнің соңғы 35 жылын қазақ тілін орыс тілділерге үйрету мәселесіне арнадым. Президенттің айтып отырған үйретудің тиімділігін арттыруды мен маман ретінде әбден біліп алдым. Әсіресе соңғы 10 жылда мен күнделікті өмірімнің кем дегенде 10-12 сағатын осы мәселеге арнаймын. Осы сөздерді мен мақтан үшін айтып отырған жоқпын, имандай шыным осы. Әлі репетитор болып келе жатырмын. 8 жасар баладан бастап, 60 жасқа дейінгі тіл үйренушілер сайтымнан мені тауып алып, келіп тіл үйреніп жүр. 60-тан асқандарға тіл үйрену өте қыйын, оны өмір көрсетті. Осы уақыттың ішінде қазақ тілін үйретудің қыры мен сыры маған бес саусағымдай мәлім болды. Орыс мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтары тіл үйретпейді, оларды да әбден талдадым. Бір жылдары Түймебаев оқу министрі болғанда, соңғы 10 жылда орыс мектебін бітірген бір де бір бала тіл үйреніп шықпады, деп мойындады. Одан бері бірнеше министр ауысты, Түймебаев айтқан шындық бүгін де өзгерген жоқ. Неге? Себебі оқулықтардың оқулық сияғы жоқ. Ешқандай нәтиже бермейтін оқулықтарды қоқысқа тастау керек. Екіншіден, қазақ тілінен сабақ беріп жүргендер өздері нені қалай үйретерін, неден бастап, немен аяқтайтынын білмейді. Басқаша айтқанда, ұстаздардың өзін үйрету керек. 32 жылдан бері мектеп түлектеріне түк үйрете алмаса, ондай оқулықтардың не керегі бар? Шала-пұла бір нәрсе білетін ұстаздарда жазық жоқ, оларды қайта оқыту керек. Мен соларды оқытып, көздерін ашуға дайынмын. Оқулықтарды қайта жазу керек. Балабақшадан бастап деңгейлетіп үйрету керек. Қазақ тілі өте қыйын тілдердің бірі. Оны үйреткен адам ғана біледі. Қазақ тілінде етістіктің шақтық формаларында есеп жоқ. Мен соның 17-сін бірте-бірте үйретемін. Бұл жерде мен қыйындықтың қай түрін айтайын. Аптасына 2-ақ рет келіп, тыңғылықты дайындалып, 3 жылдың ішінде сайрап шыққан ұл да, қыз да бар. Заңгер де бар. Медик те бар. Бір телеарнадан аптасына 60 минуттан 3 рет менің әдісім бойынша сабақ берілсе, екі жылдың ішінде үйреніп шығауға болады. Миллиардтаған ақша босқа шашылып жатыр. Оқулық көп, орыс тілділер неге үйрендейді? деп, соларды кіналаймыз. Мен маман ретінде айтайын, сол оқулықтардың бір де бірі тілді үйретпейді. Яғни, басқаша жазылған оқулық керек, мен сол оқулықты жазып жатырмын; бүгінгідей емес, басқаша жазылған екі тілді сөздік керек, мен сондай сөздіктің алғашқы нұсқасын дайындап қойдым, ол он том болу керек, енді 9 томын жасау керек. Оны тездету үшін маған көмекші керек, оны өзім үйретіп аламын. Тыныштықбек бауырым, Сіз дардай Одақтың мүшесісіз. Жалпы сандарыңыз 800-ге жуық. Осы мәселені жеке-жеке емес, жұмыла көтеріп, тілге бүгін оң көзбен қарап тұрған Тоқаев мырзаның алдына неге төтесінен қоймайсыздар? Одақ орасан күш қой, ол аз болса, халыққа, жастарға үн тастаңыздар.Маман ретінде үйретуге, жол сілтеуге, дәріс оқуға мен дайынмын. Құдайға шүкір, әлі күш бар, тәжірибе ұшан-теңіз, білім терең, көзқарасым ауқымды. Мәселені компьютер емес, мен секілді майталман маман шешеді. Мен мәңгілік емеспін, мен секілді әр салада майталман маман бар, солардың ақылын, күшін, мыйын көзі тірісінде пайдаланып қалу керек. Осының бәрін туған тіліме жанашырлықпен айтып отырмын. Қазақ тілін бүгін тілшілер бүлдіріп жатыр, солардың сөйлегенін естіген шалапайлар (министр, депутат т. б. бастықсымақтар) бүлдіріп жатыр. Оларды да 1-2 айлық тіл ұстарту курсынан, тәуірлерін шешендік курсынан өткізіп алу керек. Бұларға да сабақ беруге дайынмын, бұлардың көбісі шала орыс, шала қазақ қой, сондықтан олар сөйлегенде тілдің басын жарып, көзін шығарып жатыр. Ал енді олардың қазаша қалай жазатынын бір құдай біледі. Іс қағаздарын қазақша жүргізу дегеніміз, хатшы қыз-келіншектердің жұмысы емес, әрбір маманның ауызша және жазбаша таза сөйлеп, дұрыс жаза білгені. Бүгінше осымен доғарайын, әйтпесе мен тіл туралы күн батқаннан таң атқанша айтуға дайынмын. Тіл үшін күресті енді жаңаша жүргізейік, сөзден іске көшейік. Менің істейтін ісім Сіздерге белгілі болды ғой деймін. Сіздер де қарап отырмай, бір іске жарап отырыңыздар.

 

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 20:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31