Мәселе

Ескерту жасалғанымен тұрғындар Арысқа басқа да жолдар арқылы кіріп жатыр

  • Ескерту жасалғанымен тұрғындар Арысқа басқа да жолдар арқылы кіріп жатыр

    Ескерту жасалғанымен тұрғындар Арысқа басқа да жолдар арқылы кіріп жатыр

Жарылыс орын алып, күллі елді дүрліктірген Арыс қаласында қазіргі таңда қанша тұрғынның қалғаны белгісіз. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Алмасхан Тастанбеков мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Арыс қаласында қазіргі таңда қанша тұрғын қалғаны туралы нақты мәліметті ешкім білмейді. Себебі жарылыс кезінде эвакуацияланбай қалған және қауіпсіз жерге жеткізілгенімен кейін құжаттары немесе өзге де шаруаларымен қайта келіп жатқан тұрғындар жетерлік хабарлай .


"Кешеден бері жеке құрам тартып, полицейлер үш ауысымда кезекпен қаланы күзетіп отыр. Қалып қойған тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылуда. Мәселен, бүгін таңертең өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі жанды үйінен алып шығып, Сарыағашқа жеткіздік. Біз тұрғындарды сыртқа шығарып жатқанымызбен басқа да жолдар арқылы қалаға кіріп кетіп жатқандар бар. Сондықтан қазіргі таңда қалада нақты қанша тұрғын барын білмейміз", - деді ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Арыс қаласында ұлттық "Ұлан" қызметкерлерін қосқанда мыңға жуық тәртіп сақшысы қаланы тәулік бойы күзетіп отыр.


Олардың басты міндеті тұрғындардың қауіпсіз аймаққа шығуына жағдай жасау, сонымен қатар жойқын жарылыс кезінде қараусыз қалған сауда нүктелері мен үйлерді күзету болып табылады. Қазіргі таңда Арыс қаласына кіру қауіпті. Бұл мақсатта ҚР Ішкі әскерінің 1800 әскери қызметкері және 50 техника жұмылдырылған.


Еске сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмды.


Тұрғындардың үрейін ұшырған бұл төтенше жағдай Арыс қаласында алғаш рет орын алып тұрған жоқ.


 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 23:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31