Мәселе

«Халық дайын емес. Жерді беру туралы мораторийді 5-7жылға созу керек»

  • «Халық дайын емес. Жерді беру туралы мораторийді 5-7жылға созу керек»

    «Халық дайын емес. Жерді беру туралы мораторийді 5-7жылға созу керек»

Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында заңгер Бақытжан Базарбек жерді сату жөніндегі мораторийді тағы бірнеше жылға соза тұруды ұсынды деді BAQ.KZ.

Жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу керек. Өйткені халық жердің сатылуына дайын емес, қоғамда әртүрлі әңгіме тарап жатыр. Одан бөлек бізде ауыл шаруашылық жерімен байланысты өзекті мәселелер бар. Мысалы шартты жер үлесі, оны пай жерлері дейді. Қаншама мыңдаған шартты жер үлесімен байланысты жерлер жеке қолға кетеді,-дейді ол.
Оның айтуынша, егер жер сату жөніндегі мораторий алынса шартты жер үлесі барлар ол жерді өз атына аудару құқығы болады. Бұл жерде мыңдаған ауыл тұрғындары жер пайларынан айырылып қалады.

Екі ортада банкпен, ЖШС иелерімен де соттасуға да тура келеді. Оған Қызылордадағы жағдай куә, облыстық әкімдіктің жанында қаншама адам қазір дауласып жүр. Кербұлақ ауданындағы «Бостан» кәсіпорнының жағдайы да тура сондай. Сондықтан шартты жер үлесі иелерінің реестрін құрып, оларды есепке алу керек. Одан бөлек банкке қойылған барлық шартты жер үлесімен байланысты барлық жерлерді тексеріп, есепке алу қажет. Сондай-ақ жердің құнын тексеріп, қайта қарау керек. Оның барлығына уақыт керек,-деді заңгер.

Бақытжан Базарбек бүгінгі отырыс алдында халықпен сөйлескенін және қаншама мониторингтік жұмыс жасалғанын айта келе жерді жеке меншікке беруге халық әзірше дайын емес екенін айтты.




Көрілген: 880    Пікірлер: 0

сенбі, 24.04.2021, 13:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30