Мәселе

Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды. ҚР Білім және ғылым министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Райса Шер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетерлігі, Райса Шер Нұр-Сұлтан қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында Ирактан жеткізілген балалардың жай-күйін БАҚ өкілдеріне таныстырған болатын. Таныстыру барысында тілшілердің сауалына орай ол тұл жетім саналған бір баланың туысы табылғандығын атап өтті. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы Данияр Байбеков ол баланың әжесі екендігін нақтылады.


«Оның әжесі бар және Қазақстанда жүргізілген геномдық сараптама туыстығын дәлелдеді. Әйел аталған баланың биологиялық әжесі саналады», - деді Д.Байбеков.


Ирактан жеткізілген 14 бала әлеуметтендіріліп, оңалтудан өтіп жатқан мекеме қазіргі уақытта карантинге жабылған. Себебі балалардың біріннен жұқпалы ауру табылған.


«Балалар осы жерге жеткізілгеннен кейін 15 медицина маманы оларды жұқпалы ауруларға тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта карантин жарияланған. Себебі бір бала скарлатинамен ауырған және ол қазіргі уақытта медицина мекемесінде жатыр», - деді Райса Шер.


 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 15:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31