Мәселе

Ит етімен емделген шымкенттіктер ресейлік дәрігерлерді таңғалдырды

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Ресей Федерациясынан келген дәрігерлерді өз бетінше емделетін шымкенттіктердің жайы алаңдатып отыр.

 

Айтуларынша өкпесі қабынып ауруханаға түскен науқастардың дені үйлерінде 10 күнге дейін жатып алған.
Осы уақыт аралығында антибактериалды дәрі-дәрмектің түр-түрін пайдаланып, ем қонбайтындай дәрежеге дейін жетеді екен.

 

Ал жергілікті науқастардың олай етпеске амалы бар ма? Ауруханалардағы орын тапшылығы қалай шешілуде? Эпидемиялық ақуалды баяндап берген денсаулық сақтау саласының өкілдері бүгін осы сауалдарға жауап берді.

 

Жуырда Шымкентке Ресейден реанимотолог, инфекционистерден құралған 7 маман келді. Олар жергілікті дәрігерлердің емдеу тактикасын бағамдап, медициналық ұйымдардың жағдайын көзбен көрді. Әріптестерінің жұмысына оң бағасын бергенмен, емделушілердің эпидемиялық жағдайға атүсті қарауы шетелдік мамандарды қайран қалдырды.

 

10 күнге дейін үйде жатып өз бетінше қаралған науқастарға ақыр-соңында тағайындалған ем-шаралар қонбай, ақ халаттыларды да, өздерін де әбіргерге салады дейді шетелдік маман. Ресейден келген дәрігерді әсіресе иттің етімен емделгендер таң қалдырған.

 

Денис Цветков, мғк. реанимотолог: «Иттің еті де, басқа да жануарлардың етімен емделу пневмония немесе Ковидтен емделуде нәтиже бермейді. Осылай емделіп жүргендерді көріп шошып кеттік. Жалпы, Шымкентте жүріп түрлі халықтық ем шаралардың түрлерімен таныстық. Науқастар үйлерінде жатып өзибетінше емделіп, дәрінің түр-түрін қабылдайды. Біздің нұсқауымыздағы ем-шаралар дер кезінде әсер етпей жатады. Сондықтан ауырған бойда дәрігерлерге қаралу қажет… Шымкенттік мамандар немен айналысып жатқанын жақсы біледі».

 

Дегенмен, жергілікті науқастардың үйде емделуіне себеп болды. Эпидемиялық жағдай өрши түскенде ауруханаларда орын тапшылығы байқалып, емделушілер тіпті сандалып кеткен болатын. Ал қазір Шымкентте 3210 провизорлық төсек орын ашылды. Оның ішінде 260 төсек орын реанимациялық. Басқарма өкілдері бұл орын жеткілікті дейді. Себебі, қалада эпидемиологиялық ақуал бері қарап келеді екен. Оған карантин шектеулерінің қатаңдатылуы себеп дейді мамандар.

 

Темірхан Варзилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.: «Біз карантин шектеулеріне мойынсұнуымыз керек. Осындай өмір сүру салтына көндігуіміз қажет. Себебі, басқа жол жоқ. Қазір халық үйде отырады, тойға бармайды, қыдырмайды. Нысандардың жұмысы шектелді. Сондықтан эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді».

 

Салаға жауаптылар әзірге қалада пневмониядан қайтыс болғандардың санын ашық айтпай отыр. Себебі тамыз айынан бастап коронавирус пен өкпенің қабынуы статистикасы біріктіріледі екен. Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды тіркеудің жаңа тәсілін енгізуге шешім қабылдапты.

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 3586    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 00:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30