Мәселе

Жамбыл облысында орманшылар заңсыз аң атпақ болған шенеуніктерге көмектескен

  • https://interfax.by/

    https://interfax.by/

Жамбыл облысы әкімдігінде өткен кезекті басқосуда мамандандырылған «Лашын» жедел қызметінің директоры Абай Кенжебек өз жұмысы бойынша хабарлама жасады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, «Лашын» тобы құрылғалы табиғатқа залал келтірушілермен күрес жүргізіліп келеді екен. Қызыл кітапқа енген және қорық аумағынан аң-құстарды атқан браконьерлер оқиға орнында ұсталып, үстерінен іс қозғалып, бір-екеуі түрмеге қамалса, өзгелері айыппұл төлеген.

 

Топ басшысы қызметтік куәлігін көрсетіп, әлі күнге орманшыларға бағынбай аң атуға тырысатын шенеуніктердің барын, оларға көмектескен орманшылардың қызметтен қуылғанын да айтты.

 

«Лашын тобын біз не ұшін құрдық. Заңсыздықтың жолын кесу үшін. Кейбір шенеуніктер сіздердің қызметкерлеріңізбен келісіп, түнде аң аулайды. Біз солардың жолын кесуге тиіспіз. Қандай адам болмасын, бұл топ тікелей менімен жұмыс істейді. Біз табиғат байлығын ұрпағымызға жеткізу үшін оны қорғай білуіміз керек», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 

Сонымен қатар, әкім заңға бағынбайтын қызметкерлер мен орманшылардың атын атап, бұқаралық ақпарат құраладарында жариялауды, оларға айыпппұл ғана салып қоймай, тиісті органдармен бірлесіп, нақты шара қолдану бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

 

 

 




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 15:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31