Мәселе

Жаңаөзенде жүздеген адам көшеге шығып, облыс әкімімен кездесуді талап етті

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Жаңаөзенде жүздеген адам әкімдіктің алдында жиылды. Олар Қазақстанда қытайлық зауыттардың құрылысына тыйым салуды талап етіп отыр.


Облыс әкімімен кездесуді сұраған қала тұрғындарының видеосы желіде бүгін тарала бастады.


Маңғыстау облысының әкімдігіндегілер жиыннан кейін адамдардың үйлеріне тарағанын хабарлады.


"Жүзге жуық адам әкімдік алдына келді. Адамдар Қытайдың ескі 55 зауытының Қазақстанға көшірілуіне қарсы. Жергілікті әкімдік тұрғындармен ертең кездесетін болды", - деп жауап берді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев осы мәселеге қатысты түсініктеме берген болатын. Ол Қытайдың ескі зауыттары Қазақстанға көшіріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.


Вице-министр мұндай ақпаратты блогерлер таратып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі елдің бірлескен 55 жобасына бірнеше министрлік жауапты. Олар – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (27 жоба), ауыл шаруашылығы министрлігі (7 жоба), энергетика министрлігі (20 жоба). Сондай-ақ, бір жоба "Астана" халықаралық қаржы орталығына тиесілі.


 sputnik




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 19:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30