Мәселе

Жаңаөзенде карантин кезінде моншада қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

  • https://nashemisto.dp.ua/

    https://nashemisto.dp.ua/

Полицейлер сауналарда оңтүстік өңірлер мен Өзбекстаннан келген 21-42 жас аралығындағы 16 қыз-келіншекті ұстады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында түнгі рейд шараларын жүргізген.

 

5-ші тамыз күні түнгі сағат 23.20-да вокзалдың жанында карантин режимінің шектеулі шараларына қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды. Полицейлер саунаның әкімшісі мен 7 қызды ұстады. Ұсталғандарды кім екенін анықтау үшін Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

 

Кейін сағат түнгі 23.40 шамасында және 2-лерде «Шаңырақ», «Астана» шағынаудандарында жұмыс істеген сауналардан 9 әйел адам мен әкімшілер ұсталды.

 

Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, тексеру барысында қыздар моншаға келушілерге интимдік қызмет көрсеткен.

 

«Жеткізілген барлық қыздар «жезөкшелік» санатына есепке қойылды. Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді», - деді полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2020, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31