Мәселе

Желі арқылы жар іздейтіндер көбейген

  • © knigge.ru

    © knigge.ru

Алып мегаполис тұрғындары жалғыздыққа жиі ұшырайтын болған.


Отбасын құрып, ұрпақ сүйгеннің орнына ақ таңнан кешке дейін жұмыс істеуді жөн санайды екен. Тіпті өмірде танысуды қойып, интернетте тіл табысып, таныстыру орталықтарының көмегіне жүгінетін болып тұр. Олар кімдер?


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.



Жұмыс көп, уақыт жоқ, шаруа бастан асады. Толқынның тұрмыс құрмауына негізгі себептер осы болып тұр. Жүзімді көрсетпесеңіздер деп өтінген бойжеткен алға қойған мақсаттарының көп екенін айтады.


ТОЛҚЫН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


«Еркін өмір сүргенді қалаймын. Бір жігітке байланып үйде одан рұқсат сұрап далаға шығу үшін, болмаса баламның бетіне қарап отырғым келмейді. Өз еркім өзімде, өз табысым өзіме жетеді. Өзімді асырай аламын. Өзімді дамытқым, ширатқым келеді. Жалпы еркін өмір сүрген меніңше дұрыс».


Бір миллионнан астам халқы бар бас қаланың тұрғындары бүгінде таныстыру агенттіктеріне жүгінетін болған. Нағима Сыздықова инстаграмда осы бағытта парақша ашқанына 10 айдай болыпты. Бұл күнде 28 мыңдай оқырман жазылып, күніне 10-нан астам анкета келіп түседі екен.


НАҒИМА СЫЗДЫҚОВА, ТАНЫСУ ТОБЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:


«Елорда тұрғындарына қарасақ көбі өңірлерден келген. Олардың құрбы-достары мұнда аз. Араласатын жақындары жоқ. Жаңа қалаға қоныс аударған соң таң атқаннан кешке дейін жұмыста жүреді. Бір жерге шығайын десе именеді, сосын өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Ал уақыт зымырап өте береді».


Жастардың арасында отбасын құру неге сәнге айналмай тұр? Мамандардың бұл сауалға да жауабы дайын. Психолог Балабек Сақтағанов былай дейді:


БАЛАБЕК САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ


«Интернет желісіндегі сайттардың да жастардың үйленуге деген құлшынысын тудырмайды. Адамның бойындағы физиологиялық қажеттіліктерді қазіргі уақытта кез келген қызбен, жігітпен танысып өзінің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырып алуы да бұл жастардың үйленуге деген негізгі тақырыпқа, үйленбеуіне ықпал етіп отыр».


«Қазақы дәстүрді артқа тастап карьера қуып, жастар өз өзін орнына қойып аяққа тұрып деген сияқты көп сұрақтар».


«Қазіргі жастар жұмысқа көп көңіл бөледі және оқуға. Өмірде көп араласпайды».


Шынайы өмірде ұяң көрінгенімен жастар онлайн жүйеде белсенді көрінеді. Таныстыру агенттіктерінің парақшасына шығу үшін жарна төлесеңіз жеткілікті. Анкетаңыз жарқ ете қалғанда танысайық деп жазатындардың санынан шатасады екенсіз.


НАҒИМА СЫЗДЫҚОВА, ТАНЫСУ ТОБЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:


«Мен күнделікті желіні ашып қарағанда 2-3 адам жазып «менің анкетамды өшіріп тастасаңыз, өзіме ұнайтын адамды таптым» деп жазады. Шыны керек қуанып қаласың. Кейбір жұптар бірге түскен фотоларын да жібереді. Ең бастысы әрі қарай тіл табысып кетсе екен дейсің».


Интернеттің қоғам өміріне еніп, төрден орын алғаны қашан?! Танысу, табысудың өзі осы жерде іске асып жатыр. Онлайн желіде бақытын тапқандар офлайн өмірде бақытты болса болғаны.


kaz.caravan.kz



 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 18:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30