Мәселе

«Жер кодексінде Қытайдың ыңғайына қарай жазылған баптар бар» - Талғат Қатауов

  • «Жер кодексінде Қытайдың ыңғайына қарай жазылған баптар бар» - Талғат Қатауов

    «Жер кодексінде Қытайдың ыңғайына қарай жазылған баптар бар» - Талғат Қатауов

Жер кодексінің 24-бабында: «Жер шетелдіктерге, яғни қытайларға 25 жылға жалға беріледі, ал 6-бапта шетелдіктер, яғни қытайлар жерді пайдалануда Қазақстан азаматтарымен тең құқылы» деп анық, нақты жазылған.
Қоғам белсендісі әрі Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауов өзінің facebook парақшасында жер мәселесіне қатысты тағы бір маңызды мәселе көтерді. Оның айтуынша, жұрт пандемия, коронавирус әлегімен жүріп, талай дүниенің байыбына бара алмай жатқанға ұқсайды. Яғни халық жер мәселесінде шешімін таппай жатқан, әлі де өзекті дүниелер бар екенін ұқпай жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі әрі Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауовтың жазуынша, Жер кодексінде қытайға өте қолайлы, қазаққа аса қауіпті баптар бар. Әсіресе, аталмыш құжаттың 6-шы және 24-ші бабы өте қауіпті.

«171 бабтан тұратын Жер кодексінде ұлт мүддесіне қайшы келетін және ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін баптар өте көп. Жер кодексінің 24-бабында: «Жер шетелдіктерге, яғни қытайларға 25 жылға жалға беріледі, ал 6-бапта шетелдіктер, яғни қытайлар жерді пайдалануда Қазақстан азаматтарымен тең құқылы» деп анық, нақты жазылған.

Енді кімге сенеміз?
Конституциялық күші бар Жер кодексіне ме? Әлде 2018 жылы Мұхтар Тайжанның ұсынысымен осы баптарды енгізіп, «Жер кодексі керемет» деп сүйінші сұрап, халықты ақымаққа теңеп, алдаған сөзіне сенесіңдерме?! Немесе Президенттің «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп айта салған заңдық күші жоқ сөзіне сенесіңдерме?!», - деп жазады өзінің facebook парақшасында.

Сөзіне дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі туралы заңының сілтемесін салған.
Тағы бір жазбасында бұл мәселені бірнеше жылдан бері айтып келе жатқанын айтқан.

«Отанымыз, анамыз, ұрпағымыз. Жер мәселесін көтеру үшін халықтың құқықтық сауатын ашу мақсатында төрт жылдан бері жиі пост, мақала жазып келемін. Жер туралы жазғанымда басым көпшілігі "қолдаймыз" деп пікір жазса, кейбір намыссыздар "мені арандатушыға теңеп, өтірік айтып отыр" деп жазады.

Бірақ олар жер заңын оқымағасын, нені қолдайтынын, неге қарсы екендерін білмей жатады.
Негізгі мақатым, ұрпақ болашағына қарсы жазылған заңның баптарын халыққа дәлелдеп түсіндіру және жер мәселесінде қара бастарының пайдасы үшін халық мүддесін сатқан Мұхтар Тайжанның және оны қолдаған заңгерлердің, белсенділердің кім екендерін халыққа жеткізу; олардың жұртты алдап, ұлт мүддесіне қайшы енгізген бабтарын заңға сүйене, дәлелдеп беру», - деп жазған. 




Көрілген: 2297    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30