Мәселе

Жетісайда 100 жастағы әжей өмірінде бірінші рет жеке куәлік алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысы полицейлері құжаттарын жоғалтып алған қарт тұрғынның құжатын қайта жасап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Айта кетейік, биылғы ақпан айында Жетісай ауданы Күрішті ауылының тұрғыны 99 жасқа келген Күлай Сүгірбаеваның осы күнге дейін жеке куәлік алмағаны анықталған еді. Күлай әже өзінің барлық құжаттарын жоғалтып алған, соның салдарынан ұл-қыздары да құжатсыз жүрген.

 

Полицейлер аталған қарт тұрғынның Жетісай ауданы полиция бөліміне өтініш білдірмегенін және көші-қон қызметіне жүгінбегенін айтқан болатын. Осыған байланысты құжатсыз қарт тұрғынға тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығына сәйкес ҚР азаматтығына құжаттандыру үшін бірінші кезекте полиция бөліміне барып өтініш жазуы тиіс екендігін түсіндірген.

 

Оған қоса ҚР азаматы екенін анықтау үшін өтінішхатпен бірге туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, білімі туралы аттестат, диплом немесе шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірмелерін тапсыруы қажет.

 

Алайда, тексеру барысында әжейде жоғарыда көрсетілген құжаттардың ешқайсысы жоқ екені белгілі болды.

 

Осыған қарамастан Жетісай АПБ көші-қон қызметкерлері ҚР ІІМ талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, тұрғынға құжаттарын жинақтауға көмектесті. 2-3 ай аралығында сот шешімімен туу туралы куәлігі қалпына келтіріліп, дайын болды. Одан кейін жедел әрекет еткен полицейлер К.Сүгірбаеваның ҚР азаматтығын растау туралы өтінішхатын қабылдады. 20 күннен кейін тұрғынның жеке куәлігі даяр болды.

 

Осылайша бір ғасыр жасаған әжейге жеке куәлігін әперу үшін тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды жүргізіп, көмек қолын созды. Дайын құжатты ақжаулықты ананың шаңырағына барып, арнайы табыстады.

 

Өз кезегінде жетісайлық 100 жастағы ана құжаттарын жасап берген полицейлерге алғысын айтып, батасын берді.




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 03:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30