Мәселе

Жезқазған мен Сатпаев тіпті айтылмаған жыр

  • https://www.facebook.com/

    https://www.facebook.com/

Елімізде қаншама қордаланған мәселе бар. Жезқазған мен Сатпаев тіпті айтылмаған жыр. Жезқазғанда «Жасыл экономика» жайлы бір бағдарлама ұсыныпты. Күлкілі. Ол қалайша қала экологиясын реттеп, шешіп тастайтынын ұсынған тараптың өзі де түсінбейтін болар.

 

1991 жылы Жезқазғанда 110 мың халық болса, қазір 87 мың адам өмір сүреді. Барлық аймақта ауыл халқы қалаға тартылып, халық саны артып, урбанизация өршіп тұрғанын көріп отырмыз. Ал бұл қаламен керісінше. Халық қаладан кетіп жатыр, ал ауылдан көшіп келгісі келмейді. Себебі көп. Жұмыс табу қиын, қалада инфрақұрылым жоқтың қасы, экология нашар, жастарға жағдай жасалмаған. Осыдан Шілде айында Жезқазған ауруханасының кейпі шығып, жағамызды ұстағанымыз бар.

 

Ал Сатпаевта болған оқиға, моноқалаларды дамыту керектігін анық көрсетті. Бүгінгі ұмытылған моноқала – ертең жарылатын бомба. Міне, осы мәселелердің барлығын нақты көтеретін жүйелі бағдарлама болуы тиіс. Әзірге ол Қарағандыда жоқ. Менің көзқарасым солай дейді.

 

Мысалы Қарағанды нағыз экология өңірі. Қара көмір ақ қарды қара мамыққа айналдырып жібереді. Аспаннан жауған қардың өзі ешқандай тексеруді талап етпестен, аталмыш аймақтың экологиялық жағдайын анық көрсетіп тұр. Соған қарамастан ауа ластануын тоқтататын тұшымды жобалар ұсынылмаған. Қарағанды халқы түтінге қақалып, өкпесін қара түтін басып, қырыла берсін дегені ме, білмедім, керісінше зауыттарды көбейту керек деп ұсыныпты. Зауыт керек-ақ, бірақ оны салудың жолын, ауаны ластамау әдісін, тіпті оны орналастыру аймағын да анықтап жазған дұпыс болар.
Қарағанды халқы қаталап ауыз судан қысастық көріп отырған аймақ.

 

Ауыз суды толық шешпей, ешбір іс алға баспайды. Адам денесінің 70% су құрайтынын біле отыра, ауыз судың мәселесін шешудің кемі 7 тәсілін ұсынатын болар деп үміттенгенмін. Олай болмады. Соған қарағанда аймақ халқы лас, қиыршық тасқа толы, ішінде шылаушын құрты сәлем айтатын суды әлі біраз жыл ішетін сыңайлы. Өкінішті.

 

Батыс Қазақстан бойынша да қарап шықтым. Тиіп-қашып әр саланың басын шалуға тырысқан. Бірақ жүйелілік жоқ. Мысалы Батыс Қазақстаннан жастар көбіне

 

Қазақстанды ЖОО-рын таңдамай, шетелге баруды жөн көреді. Ресейге көп барады. Неге олар жергілікті БҚО университеттерін көп таңдай бермейді? Дұрыс, білім сапасы, жемқорлық, ашықтық, заманауи оқу форматы сынды шешімін табуға тиіс мәселелер бар. Соларды шешуді, БҚО жастарының ағымын тоқтатуды ойластыру керек. Бағдарламада ол жоқтың қасы.

 

БҚО экологиялық аймақ. Жайықтың тартылуын тоқтату ең басты мәселенің бірі. Жайық жыл сайын суы азайып жатқан өзен. Ал бұл өзеннің бойында қанша халық күн көріп, мал шаруашылығын, балық кәсібін ермек етуде. Егер Жайық тартылса, БҚО тұтас қиын жағдайға тап болады. Қазақ өзен жағалағанның өзегі талмайды дейді. Ендеше өзекті талдырмайтын өзекті мәселені көтерген өміршең бағдарлама күтеміз. Қазіргі бағдарлама шикі, піспеген және қабылдауға дайын емес деп санаймын.

 

Бұның бәрі қайдан келді. «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстыру үшін жариялапты. Жиынтығы 216 бағдарлама. Түрлі өңірлер мен қалалар бойынша екен және түрлі мәселелерден тұрады. Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары бойынша қарап шықтым. Шешімін табуға мәселеге қарағанда, айтылмаған мәселе көп сияқты. Сондықтан жоғарыдай ойды жазуға тура келді.

 

Рустам Сагадиев




Көрілген: 1229    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31