Мәселе

Жоғалатындардың дені 30-49 жас аралығындағы ер адамдар - зерттеу

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгінде хабар-ошарсыз жоғалған 2 247 адам іздестірілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта 11 133 адамға іздеу салынған, оның 2 247-сі хабар-ошарсыз жоғалғандар. Ең көп хабар-ошарсыз жоғалғандар Алматы қаласы (328), Шығыс Қазақстан (221), Алматы (309) және Қарағанды облыстарында (221). 30-49 жас аралығында әртүрлі жағдайлармен көбінесе жиі ер адамдар (76%) жоғалады», - делінген Комитет хабарламасында .

Таратылған мәліметке қарағанда, үйінен кетіп оралмағандар – 1723, автокөлікпен жоғалғандар – 74, жұмыстан кеткендер – 36.

«Сонымен бірге, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адамға, яғни ең көбі алаяқтық (451), ұрлық жасау (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматы қаласы (463), Алматы (245) және Шығыс Қазақстан облыстарында (203) іздеу салынған. Олар негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)», - деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Айта кетейік, Қазақстанда іздеу салуды ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдары, экономикалық тергеу жүргізу, мемлекеттік күзет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері жүзеге асырады. Барлық іздеу істерін тіркеу, сонымен қатар мемлекетаралық ақпараттар банкімен өзара байланыс жасауды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 12:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29