Мәселе

Жолсеріктер зорлады деген қыз қысымға ұшырағанын айтты

  • © CC0 / rebcenter-moscow

    © CC0 / rebcenter-moscow

"Тұлпар-Тальго" пойызында жолсеріктерді зорлады деп айыптаған қыз күдіктілердің туыстары соңына түскенін айтып берді. Ол қылмыстық істі жауып тастай ма деп қорқады.


Жәбірленушінің айтуынша, тергеушілер ауыл тұрғындарынан жауап алған.


"Ауылға барып, ата-анамнан жауап алмақ болыпты. Олар қарт кісілер. Ата-анамнан жауап алмау туралы өтініш бергенмін. Соған қарамастан тергеушілер бірнеше рет тырысты, қазан айында ғой деймін. Әйтеуір, ақыры соңында ата-анамды жайына қалдыруға келісті", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.


Зорлады деген күдіктілердің туысы қыздың соңына түсіпті. Бірінші рет әйел адам түнде келгенде, қыз оны үйіне кіргізіп, татуласуға көнбейтінін жеткізген.


"Бапты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағына (жабылып зорлау) ауыстыруға өзім өтініш бердім. Қайдағы татуласу? Қайдағы ақша? О баста бәрі зорлау туралы арызды ақша үшін жазды деп ойлады. Мен қаражатқа мұқтаж емеспін – пәтерім, көлігім бар, басшылық қызметте істеймін", - деп жалғастырды қыз.


Көп ұзамай әлгі әйел жәбірленушіге тағы барыпты, бұл жолы құшағында сәбиі бар екен. Подъезден жүгіріп шыққан қыз көлікте отырған бір топ ер адамды байқайды. Ол болған жайтты полиция департаменті қызметкерлеріне айтып беріпті.


Енді жәбірленуші жолсеріктерге қатысты істі жауып тастай ма деп қорқады. Сот отырысы облыс орталығынан 500 километр жердегі елді мекенде өте ме деген болжам бар.


"Бәлкім, қоғам назарына түскенін қаламайтын шығар. Ендігәрі пойызға мінбеймін. Отырыс бір-ақ рет қана болмайды ғой, өзіңіз білесіз", - деді ол.


Қыз екі ай бойы есеңгіреп жүргенін айтып мұңын шақты. Ішкі істер органының қызметкерлері жыныстық қатынасқа өз қалауымен түстің бе деп талай рет сұраған көрінеді.


"Менің мәртебем, басшылық қызметте тәжірибем бар, оқу оқып жүрмін. Ал олар менімен жеңіл жүрісті қыз сияқты сөйлесті. Әбден еті үйреніп кеткен. Онсыз да жан күйзелісіне түсіп отырғанда, одан бетер қиналады екенсің", - дейді ол.


Былтыр қараша айында "Тұлпар-Тальго" пойызының екі жолсерігіне жолаушы әйелді зорлады деп айып тағылған еді. Қоғам қайраткері Дина Смайылова (Таңсәрі) жазғандай, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан жәбірленуші купені іштен жауып, ұйықтап қалған. Жолсеріктердің бірі қызметтік кілтпен есікті ашып, ұйқыдағы қызды зорлап тастайды. Кейін купеге екінші ер адам кіріп, қайта зорлаған.


"Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері күдікке ілінген соң, қызметтен шеттетілді. Оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағына (жабылып зорлау) өзгертілді.


Sputnik




 




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30