Мәселе

Жұртты шошытқан СМС не үшін жіберілгені анықталды

  • © CC0 / Dean Moriarty

    © CC0 / Dean Moriarty

Қазақстандықтарға жаппай жіберіліп жатқан СМС-тер жұрттың түсінбеушілігін тудырды. Хабарламада жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігі үшін телефон, планшетке, әрбір құрылғыға сертификат орнатыңыз, кері жағдайда, ғаламторға кіру қиындайды деп жазылған.


Азаматтар "алаяқтардың әркеті" деп ойлаған хабарлама цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы болып шықты. Осы арқылы олар халықты хакерлерден қорғамақшы екен.


Алайда, сарапшылар бұл қорғау емес, керісінше әрбір басқан ізді қадағалау дейді.


Сыпайылығынан гөрі, сесі басым хабарлама бірден жұрттың ашуын тудырды. Алайда осы әрекетін жуып-шаймақ болған министрлік басшылары әр адамның өз қалауы екенін айтып басқаша сөйлеп шықты, деп хабарлады КТК.


"Әркімнің өз қалауы! Қосып көрейік! Маған ондай СМС әлі келген жоқ. Бірақ, келе қалса, өзіме де, балаларыма да қосып беремін", - дейді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов.


Сертификат хакерлік шабуылдардан сіздің жеке мәліметтеріңізді қорғайды екен. Министрліктің осылай деген мәліметін СМС таратып жатқан байланыс операторлары да сөзбе-сөз қайталады. Бірақ солай дей тұра, халықтың бар құпиясын біліп алатын сол сертификаттың қолды болмайтынына кепілдік бере алмады.


"Бұл біздің бастама емес. Сол себепті, ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Мемлекеттік органдар бар, біз тек бұйрықты орындаушымыз. Бізге жіберіңдер деді. Біз жібердік", - деп түсіндірді ұялы байланыс операторының өкілі Алексей Бендзь.


Ол тұрмақ, кибер шабуылдар жиілеп кетті деген министрліктің мәліметін теріске шығарды.


"Біздің компанияға келер болсақ, мұндай деректер анықталған жоқ", - деді Алексей Бендзь


Қарсы жұрттың көбі осы арқылы құзырлы мекемелер адамдарды бақылауды күшейткісі келеді деп күдіктенеді. Сарапшылар онымен келісіп отыр. Бірақ қауіп тыңшыларда емес, басқада деп отыр.


"Біздің әңгімеміз онсыз да тыңдалып жатыр. Кімге не жазғаныңызды арнайы органдар онсыз да біліп отыр. Қорқыныштысы бұл емес. Біз теріс пиғылды хакерлерден қауіптенуіміз керек. Өйткені олар оны иеленген жағдайда, сіздің банк картаңыздан бастап, барлық пароліңіз солардың қолында қалады", - дейді Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров.


Осылай деген сарапшы өзіне келген СМС-ті тілшілердің көзінше өшіріп тастады.


Сертификат деген сіз бен экран арасындағы көзге көрінбейтін перде сияқты. Оны орнатқан жағдайда, енгізген құпия сөздеріңізге дейін көріп отырады. Сөйтіп, ол мәліметті арнайы серверде сақтайды. Ол сервер арампиғылды ұрылардың қолына түссе, бітті дей беріңіз дейді сарапшы.


Олай дейтіні, басқа елдердің де сертификат орнатып, маңдайы тасқа тиген екен. Мәселен, Иранда 300 мың адамның жеке мәліметі қолды болған. Нидерландыда хакерлер мемлекеттік құпияны біліп алып, ақыры сертификат дегенге заңмен тыйым салынған. Қалай десек те, халықтың күдігі бекер емес сияқты.


"Адам іздестіру немесе трафик ішінде ақпаратқа қол жеткізу үшін сертификат енгізу туралы хабарлама жіберілген. Бұл сертификатты орнатқан кезде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлерге біздің ақпаратымызға қол жеткізу мүмкіндігін береміз", - деп түсіндірді Кибер шабуылдарды тергеу және сараптау орталығы директоры Арман Әбдірасылов.


Мамандардың сөзінше, сертификат орнатқызып, құзырлы органдар әрбір адам туралы мәліметке қол жеткізеді. Бірақ бұған халық рұқсат бермеген. Жұртпен ақылдаспай іске асқан шараға сарапшылар күйініп отыр.


sputnik


 




Көрілген: 4561    Пікірлер: 0

сенбі, 20.07.2019, 10:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31