Мәселе

Қалааралық автобустар қатынайтын болды

  • http://fotobus.msk.ru/

    http://fotobus.msk.ru/

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов онлайн-брифинг барысында жақын арада Қазақстан қалалары арасындағы автобус қатынасы қайта жанданатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Шенеуніктің айтуынша, Қазақстан қалалары арасында автобустар 5 маусымнан бастап жүреді.

 

Айта кетейік, бұған дейін 1 маусымнан бастап еліміздің қай қалаларына пойыздар қатынайтынын хабарлаған болатынбыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады.

 

Ведомство жолаушыларды тасымалдаудың көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып жүзеге асырылатынын атап өтті.

 

Сондай-ақ, орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов 1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынатынын мәлім етті.

 

Оның айтуынша, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, тасымалдаушылар жұмысының алгоритмі жасалды. Құжатқа сәйкес, автобустар маршруттың соңғы нүктелерінде дезинфекцияланады, жолаушылар салонға тек бетпердемен кіреді.

 




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31