Мәселе

Қарағандыда бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің көмекшісі жұмысынан босатылды

  • Қарағандыда бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің көмекшісі жұмысынан босатылды

    Қарағандыда бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің көмекшісі жұмысынан босатылды

Қарағандыда балабақшалардың бірінде бүлдіршінді сүйреген тәрбиешінің көмекшісі жұмысынан кетті. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда білім бөлімінің мәліметінші баланың ата-анасы шағым түсірмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Дәлізге жатып алған баланы сүйретіп әкетіп бара жатқан әйелдің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиген еді. Видеоны балабақша медбикесі осыдан бір ай бұрын түсіріп алған, бірақ желіге енді ғана жариялапты. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, мекемеде 3 айдан бері бейне бақылау камерасы жұмыс істей бастаған. Бұған дейін мұндай жағдай тіркелмеген.

"Кешегі видеодадағы тәрбиеші емес, тәрбиешінің көмекшісі. Сол баланың ата-анасы келді. Ешқандай шағым жоқ екенін айтып, мұндай жағдай балабақшада қайталанбасын деп ескерту жасады. Бүгінгі таңда бұл тәрбиеші көмекшісін жұмыстан шығардық және де осы баланың тәрбиешілерімен, тәрбиеші көмекшілерімен ары қарай жұмыс жүргіземіз", - деп мәлімдеді "Армашка" балабақшасының директоры Азиза Айтқұлова. 

Қазір мекемеде қызметтік тексеріс басталған. 

"Оның құрамында жергілікті әкімдіктің қарамағындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының төрағасы, "Nur Otan" партиясының өкілі де бар. Баланың анасы арызданудан бас тартты. Негізі бұл мекемеде 300 бала тәрбиеленеді, сұранысқа ие, бұрын соңды ондай оқиға тіркелген жоқ", - деді білім бөлімі басшысының орынбасары Татьяна Головина.

Айта кетейік, 2018 жылы Теміртауда баланы ұйықтату үшін айқайлап тұншықтырған 50 жастағы балабақша тәрбиешісі 120 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына кесілген еді. Баланың ата-анасына 200 мың теңге моральдық шығын өндірілген. 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31