Мәселе

Қаратауда балаларды бауырына басқан қамқоршыға қатысты тергеу басталды

  • Қаратауда балаларды бауырына басқан қамқоршыға қатысты тергеу басталды

    Қаратауда балаларды бауырына басқан қамқоршыға қатысты тергеу басталды

Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы бала асырап алған Рихтер отбасына қытысты тергеу басталды. Оған әлеуметтік желідегі жазбалар себеп болған. "10 жастағы асыранды қысымға шыдамай, екінші қабаттағы үйінен секіріп, қашпақ болды" деген ақпарат қоғамда қызу талқыға түсті - деп хабарлады Аstanatv.kz.

– Қылмыстық Кодекстің 141-бабының 1 -бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жағдайда басылымдарда көрсетілген барлық дәлелдер тексеріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Келеңсіздік өткен жексенбіде Қаратауда болды. Данил есімді жеткіншек терезеден секіріп кетіп қалған. Артынша оны үй ішіндегілері іздеп, маңайдағы көршінің бақшасынан тапқан. Сол кезде аяғын жарақаттап алғанын көрген соң, ауруханаға жеткізген. Осыны айтқан әкесі желідегі жазбалардың барлығын жоққа шығарды. 

– Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағыдай біз жауыз адам емеспіз. Төбемізде Құдай көріп тұр ғой. Баланы екі тәулік бойы таба алмай, ол далада жатып қалды деген ақпарат та өтірік. Таңғы сағат 7-лерде таба алмай қалдық, түстен кейін шамамен сағат 4-терде тауып, ауруханаға жеткізілді. Осындай жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тарту үшін құзырлы органдарға жүгінемін, -  деді әкесі Валерий Рихтер. 

– Балаға жоғары мамандандырылған көмек қажет болды. Сол себепті балаға малоинвазивті операция дейді, орта жілік сүйегіне жасалынды. Ұршықтың мойын сынуына байланысты. Ота Аллаға шүкір сәтті өтті. Баланың қазір жағдайы орташа ауырлықта. Травматология ортопедия бөлімінде, - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сатжанов. 

Білім басқармасындағылар берген дерекке сенсек, Рихтер отбасы 5 жыл бұрын Данилдің екі әпкесін қамқорлығына алыпты. 2018-ші жылы ғана олардың інісін әкелген. Дейтұрғанмен Данилдің сабақ үлгерімі мен тәртібіне бұған дейін ешқандай шағым болмады деп отыр. Дегенмен полиция тергеуді аяқталғанша Данил мен оның екі әпкесі арнайы орталыққа жіберілді. Енді балалар Рихтер әулетіне қайта орала ма, жоқ па оны сот шешетін болады.




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

жұма, 07.08.2020, 23:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31