Мәселе

«Қазақ полицейлерінде ұлт, ұлттық намыс деген түсінік жоқ» - Сәуле Әбілдаханқызы

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы қазақ полицейлерінің қасиетсіздігіне күйініп пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Сәуле ханымның айтуынша, Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы соңғы оқиғалар да тәртіп сақшыларының жауапсыздығынан туындап отыр. Себебі, қазақ полицейлерінде қасиет, ұлттық намыс деген ұғым қалмаған.

 

«Біріншіден, қазақ полисайы - қазақ емес. Оларда ұлт жоқ, ұлттық намыс деген түсінік жоқ, ұлттық идеология, ұлттық мемлекет деген түсінік жоқ. Қазақтан садаға кетсін. Өмір бойы өз қазағын басып-жаншып келген сатқындар мен жауыздар. Олардан қай қазақ, қашан көмек, қолдау, жақсылық көрді? Үйіңіз тоналды, малыңыз ұрланды, ұрпағыңыз наркоман болды, жақындарыңыз жауыздың қолынан қаза болды, жазықсыз сотталды, түрмеге қамалды - кімдердің кесірінен??? Бәрінде осылардың «қолтаңбасы», қылмыскерлерді қолдап, жасырып-жабуы бар. Қазаққа (сізге) жасалған жамандықтың бәрінде бұлар «ерен еңбек» сіңірді.

Екіншіден, бұрынғы иттіктерін былай қойып, кешегі «Қордай қақтығысында» халық осылардың сорлылығына намыстанып, осыларды қорғап көшеге шықты. Бұлар не істеді? Қақтығысқа өздері себепкер, кінәлі бола тұра, дұнғандарды «соттаған» болып, жеңіл-желпі статья берді.

Ал сол қақтығысқа қатысты деп тұтқындалған 20 қазақ жігіті әлі хабар-ошарсыз, тергеп-тексерусіз түрмеде отыр. Оларға мемлекеттік сатқын адвокаттарды беріп, тіпті, өздері сенімді адвокат жалдауына да мүмкіндік бермей отыр... Қорғасаңыздар, сол қазақтарды қорғаңыздар... Солар намысты, нағыз қорғауға лайық қазақ азаматтары!

Мұндай намыссыз полисайларды «қазақ» деп қорғамай-ақ қойдық... Бұлар қазақтың жауы. Бұларға сол керек. Біресе қытайдан, біресе дұнғаннан, біресе өзбектен, біресе ұйғырдан, біресе түріктен таяқ жеп жүрсін осылай, сүмелектер. Өз қазағына ғана күші жетеді бұлардың. Малғұндар!», – деп жазған фейсбук парақшасында.

 

 

 




Көрілген: 2799    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30