Мәселе

Қазақстан азаматтары Стамбул әуежайында қалып қойды

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Қазақстандық отбасы Стамбул әуежайында қалып қойды. Отбасы мүшелері Алматыдан Мәскеуге дейін транзитпен жетпек болған. Алайда түрік әуежайында келеңсіздік орнап, Қазақстанның азаматтығы бар әйелін ұшаққа өткізбей қойыпты.

 

Мұндай ақпаратпен Facebook қолданушысы Юрий Дорохов бөлісті.

 

Оның айтуынша әуежайда тұралап қалған өзге ұлт азаматтары шаш етектен. Мұның себебін әуежай мамандары бортқа тек ресейліктердің құқығы бар екенін алға тартқан.

 

Десе де, керағар пікірлер көп. Себебі, Түркиядағы Ресей елшілігі ешқандай тыйым салу жайлы қаулы шықпағанын жеткізіпті.

 

Юрий ДОРОХОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

- Түрік әуе жолдарының кеңсесінде ресейліктерден басқаларға бортқа шығуға тыйым салынғаны айтылды. Ал елшілік бұдан бейхабар. Неліктен Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл жайлы ресми ақпарат бермей отырғаны түсініксіз. Билеттер де қайтарылмайды.

 

Авиакомпания билеттердің құнын өтеуден бас тартты. Алайда, қайтадан Алматыға ұшу билеттерін тегін беретіндерін жеткізген.

 

Ал Мәскеуге бару үшін отбасына Минск арқылы ұшу ұсынылып отыр.

 

Аталған жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлама жасады. Олардың дерегінше ел азаматтары Ресейге тек тікелей рейстермен ғана кіре алады. Мұндай ережелер жыл бойы қолданылмақ.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 08:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31