Мәселе

Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

  • Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    Қазақстан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстан бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдарға 1 маусымнан бастап қағаз анықтамалар беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;

2) шетелдік азаматтарға осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді.

Сондай-ақ, дәрігерлер мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады.

1 шілдеден бастап шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтар туралы мәліметтер растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін қазақстандық мәліметтер базасына енгізіледі.

1) Растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шет елде КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді 2021 жылғы 1 шілдесінен бастап ҚР ДСМ ХТТ "Вакцинация" модуліне енгізіледі;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі растайтын ақпарат ұсынған жағдайда клиникалық зерттеулер шеңберінде QazCovid-in (QazVac) вакцинасымен КВИ-ге қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді модульге енгізеді;

3) ҚР БҒМ растайтын ақпарат ұсынған жағдайда QazCovid-in (QazVac) вакцинасымен КВИ-ге қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты адамдары Модульге коронавирусқа қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді күн сайын енгізіп отырады. 




Көрілген: 3294    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 00:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31