Мәселе

Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз көші-қон туралы келіссөз жүргізіп жатыр

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз еңбек көші-қоны мәселелерін шешу үшін талқылау жүргізіп жатыр.

 

Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок айтты.

 

Елші атап өткендей, заңсыз еңбек көші-қоны екі ел қарым-қатынасына теріс әсер етеді. Сол себепті алдағы уақытта елдер заңсыз жұмыс істейтіндер санын қырқартуға күш салады.

 

Әрине, заңсыз көші-қон, заңсыз жұмыс күші мәселелері - Кореядағы әлеуметтік маңызды жоба. Бұл тек Қазақстан Республикасына ғана қатысты емес, өйткені Кореяда басқа елдердің өкілдері көп. Сондықтан бұл елдегі жалпы әлеуметтік мәселе. Әрине, Оңтүстік Корея үкіметі заңсыз мигранттар мәселесін шешуге мүдделі, - деді дипломат журналистермен кездесуінде.

 

Оның айтуынша, қазіргі күні екі ел аталған мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

 

Қазір екі ел заңсыз көші-қон мәселелерін нақты шешу, тәуекелдерді шектеу және Қазақстанның кез келген жас азаматының заңды түрде Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баруы үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл мәселелер өте маңызды. Біз де өз тарапымыздан бұған күш саламыз, - деп айтты Ку Хонг-сок мырза.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 19:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31