Мәселе

Қазақстан Түркиямен әуе рейстерін қысқартуы мүмкін

  • © Photo:  Air Astana

    © Photo: Air Astana

Түркияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан бұл елмен әуе рейстерін қысқартуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Түркияда эпидемиологиялық ахуал қазір күрделі болып тұр. Егер аурудың таралуын қарасақ, ол жақта күн сайын 50 мыңнан астам науқас тіркелуде. Яғни біздегі тәуліктік көрсеткіштермен салыстырсақ, бес жарым есе көп. Сол себепті бүгін ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Түркиямен әуе рейстерін қысқарту туралы ұсыныс айтылды. Қазір бұл ұсыныс қаралып жатыр", - деді ол брифингте.

 

Бұған дейін Ресей індетке байланысты Түркиямен әуе қатынасын шектейтіні туралы хабарланды. Бұл жерде чартерлік және тұрақты рейстер туралы сөз болып отыр. Шектеу шаралары 15 сәуірден 1 маусымға дейін күшінде болмақ. Ресей үкіметі туроператорларға Түркияға жолдамаларды сатуды уақытша тоқтатуға кеңес берді.




Көрілген: 657    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31