Мәселе

Қазақстанда қай аймақтың тұрғындары көп ажырасады?

  • © turkishadvocate.ru

    © turkishadvocate.ru

Қазақстанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 54,8 мың ажырасу фактісі тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі статистика комитетіне сілтеме жасап.


Ажырасу деректерінің 27,1 пайызы 5-9 жыл некеде болғандар арасында байқалып отыр. Некелері 2-4 жылды құраған жас жұбайлар арасындағы ажырасушылардың үлесі 23,5 пайыз. Бір жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу дерегі 7,5%, бір жылға дейінгілер арасындағы көрсеткіш 5,3 пайызға тең. Он жыл отасып ажырасқандар да аз емес. Олардың үлес салмағы 36,6 пайызды құраған.


Ең көп ажырасу деректері солтүстік аймақтар – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарына тиесілі. Шаңырақтың шайқалу фактілері қазағы басым Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында аз ұшырасады.


2018 жылы 137,8 мың жас отау құрған. Бұл 2017 жылдан 2,8 пайызға төмен. Тіркелген некелердің жоғары коэффиценті елордада байқалуда. Онда мың адамға шаққанда 10 неке тіркелген. Үйлену деректерінің төменгі көрсеткіші Ақмола облысында көрініс табуда: 1000 адамға шаққанда 6 неке. 




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 15:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31