Мәселе

Қазақстанда зорлық-зомбылық Францияға қарағанда 4 есе артық – сарапшы

  • https://www.bbc.com

    https://www.bbc.com

Францияда адам зорлаушыларға қарсы заң қатаң. Келешекте қазақстандық заңнама да осындай болуы әбден мүмкін. Себебі, мемлекет басшысы биылғы жолдауында мұндай зұлымдық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты.


Екі мемлекеттің қылмыстық кодекстерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылықтар бар?


Париждегі психолог Светлана Котинаның кеңсесіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар жиі келеді. Статистикаға сүйенсек, Францияда зорлау деректерінің 80%-і отбасылық жағдайда болады екен. Егер әйелді зорлаушы бұған дейін онымен азаматтық қатынаста тұрған болса, оның жазасы тіпті ауырлай түседі. Светлана осы қылмысқа қатысты қазақстандық заңның да қатаңдатылуын қолдайтынын айтады.


Свтелана Котина, психолог:


- Күш қолдану, зорлау бұл - қылмыс. Ол заң бойынша жазалануы керек. Сондықтан тараптарды татуластыру, олардың келісімге келуі сынды баптарды алып тастау керек деп ойлаймын.


Егер екі мемлекеттің кодекстерін салыстыратын болсақ, айрмашылықтарды бірден байқауға болады. Мысалы, Қазақстанда зорлаушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, Францияда мұндай қылмыс жасаған тұлғаға мерзім үш есе артық кесіледі. Адам өлімімен аяқталатын жағдайға қатысты берілетін жаза мерзімі де өзгеше.


Стефан Эпине, адвокат:


- Мұндай қылмысқа қатысты заң қатаң болуы тиіс. Ол зорлау құрбаны болған адамның қылмысты жасырмауға итермелейтіндей болуы қажет. Францияда үкімнің жартысы осындай іс бойынша шығарылады. Заңды қатаңдату қоғамға әсер етеді.


Адвокат Стефан Эпине екі мемлекет арасындағы сексуалды қылмыстың жиілігін салыстырып, оның саны шамамен бірдей дегенді айтады.


«Бірақ мұндай қылмысты халық санына қарай бөліп есептесек, Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық» - дейді сарапшы.


24.kz


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 212    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 10:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30