Мәселе

Қазақстандықтар үшін таксидің күтпеген қаупі анықталды

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Қазақстандағы деструктивті діни ағым ұстанушылары такси қызметін пайдаланған жолаушыларды өз жақтарына тарта бастады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

 

Мұндай адамдар автокөлікті жалға алып, күні бойы такси жүргізіп, өздерінің құрбанын іздейді екен. Жолаушылармен жол бойы рухани құндылық призмасы арқылы байлық және әділеттік туралы сөз қозғайды.

 

Ал мамандар деструктивті діни ағым өкілдері жыл сайын адамдарды өздеріне тарту мақсатында түрлі әдіс пайдаланатынын айтты. Экстремистер психологияны жақсы меңгерген. Сол арқылы адамға әсер ете алады. Оның тіпті дінге қатысы болмауы да мүмкін.

 

"Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін адамдарға еш көңіл бөлінбейді. Ал экстремистер адамға назар аудара біледі. Сириядағы ер адамдармен хабарласып, хат алмасқаннан кейін сол жаққа кетіп қалған қыз көп. Олар қыздарға жердегі жұмақты, көп баланы, керемет өмірді уәде етеді", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім бастығы Александр Антипин.

 

Таксиде әңгімелесу әсерін мамандар трендке айналып кетті деп отыр. Көздеген жерге жеткен кезде жолақысын арзандатып айтып, хабарласып тұру үшін телефон нөмірін сұрауы да мүмкін.

 

sputnik

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 12:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30