Мәселе

Қазақстандықтар зейнетақы қорының сайтын істен шығарды

  • © Sputnik

    © Sputnik

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында жеткіліктілік шегін тексеру сервисі істен шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

БЖЗҚ порталында зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегін тексеру мүмкіндігі пайда болды. Кез келген азамат өз жинағын жеке кабинетке кіріп тексере алады.

 

Ол жерде:

 

* 2021 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі;

 

* жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының сомасы;

 

* табыс салығы біржолата және кейін алынатын жағдайда берілетін зейнетақы жинағының сомасы көрсетіледі.

 

* 5 қаңтар сағат 12:12-дегі жағдай бойынша БЖЗҚ сайтында "бұл бет ашылмайды" деп тұр.

 

"Биыл мен 38 жасқа толамын, бұған дейін осы жастағылар үшін жеткіліктілік шегі 3 миллион 242 мың теңге екені айтылды, 37 жас үшін &ndash 3 миллион 147 мың. Ал қазір жеке кабинетте менде 3 миллион 130 мың көрсетіп тұр",- деді Sputnik Қазақстанға БЖЗҚ сайтынан жеткіліктілік шегін тексеріп үлгерген Нұр-Сұлтан тұрғыны.

 

"Сайттың жүктемелік тестілеуден өткізілуіне байланысты кейбір сервистер істемеуі мүмкін. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деді Sputnik Қазақстанға БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

 

Шоттағы ақшаны баспана сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларына басқаруға беруге жұмсауға болады. Зейнетақы жинағын алу үшін қордағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

 

 




Көрілген: 1780    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31