Мәселе

Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

  • Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

    Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл, бұрқасын және қар еруіне байланысты дабылды ескерту жарияланған. "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жариялады.


15 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыс пен шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

15-17 наурызда Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. 15 наурызда таңертең және күндіз, 16 наурызда күні бойы оңтүстіктен соққан жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.


15 наурызда Қостанай облысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, ұйықтуы 25 м/с. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Қостанай қаласында 15 наурызда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.


15-17 наурызда күн жылынып, жауын-шашын мол түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында қар еріп, салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.


15 наурызда Ақмола облысында батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде күшейіп, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с-қа жетеді, оқтын-оқтын 30 м/с-тан асады. Кей жерде көктайғақ болып, боран соғады. Астанада 15 наурызда желдің екпіні – 20 м/с.


15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с, күндіз оқтын-оқтын 30 м/с-тан асады. Кей жерде көктайғақ болып, боран соғуы ықтимал. 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31