Мәселе

Қазақстанның бір өңірінде қалааралық және облысаралық автобустар тоқтатылады

  • sputnik.kz

    sputnik.kz

Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде қалааралық және облысаралық автобустар жүрмейді.

 

Қаулы бірінші мамырда күшіне енеді.

 

"Қызыл" аймақта тұрған өңірлерде қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (микроавтобустар) қозғалысына тыйым салынады", - делінген құжатта.

 

Сондай-ақ Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына халықты өңір аумағындағы шектеу және карантиндік шаралар, олардың кезең-кезеңмен жеңілдетілуі туралы ақпараттандыру тапсырылды.

 

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

Еске салсақ, Ақтөбе облысы 31 наурыздан бері эпидемиологиялық ахуалдың қауіпті "қызыл" аймағында тұр. Өткен тәулікте өңірде 128 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы Қазақстанда өткен тәулікте 2 883 адамда ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі.

 

 

 

sputnik.kz/




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30