Мәселе

Қазақстанның қай өңірлерінде дәрігерлер жетіспейді

  • Қазақстанның қай өңірлерінде дәрігерлер жетіспейді

    Қазақстанның қай өңірлерінде дәрігерлер жетіспейді

"2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі статистикалық мәліметтерге сәйкес, барлық ведомстволарды есепке алғанда 262 200 медицина қызметкері, оның ішінде 76 443 дәрігер, 185 757 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Жергілікті әкімдіктердің мәліметінше, 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі 3947 маманды (оның ішінде қалада – 2903 штат, ауылда – 1044 штат) құрады", - деді Цой Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің сауалына жауап бере отырып.

 
Министрдің айтуынша, дәрігерлердің ең көп тапшылығы Қостанайда – 477 маман, Ақмолада – 337 маман, Батыс Қазақстанда – 298 маман және Солтүстік Қазақстан облысында – 294 маман, Нұр-Сұлтан қаласында – 283 маман, Маңғыстауда – 276 маман, Алматы қаласы – 262 маман мен Шығыс Қазақстан облысында – 256 маман.

Мамандықтар контексінде ең үлкен тапшылық жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында байқалады – 525 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 208 маман), анестезиолог-реаниматологтар – 334 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 39 маман), терапевтер – 297 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 91 маман), акушер-гинеколог – 233 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 80 маман), педиатр – 197 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 40 маман), инфекционист – 130 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 29 маман), кардиологтар – 110 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 30 маман), эпидемиологтар – 46 маман (оның ішінде ауылдық жерде – 9 маман), пульмонологтар – 29 маман (оның ішінде ауылдық жерде 2 маман).

Stan.kz редакциясы өткен 2020 жылы Қазақстанның әр өңірінде 10 000 тұрғынға қанша дәрігерден келгенін есептеп шықты.

Дәрігерлермен ең аз қамтамасыз етілген аймақтар Алматы және Ақмола облыстары екені анықталды, ол жерде 10 мың тұрғынға 25 дәрігерден ғана келеді.

Ал Нұр-Сұлтанда жан басына шаққандағы дәрігерлер саны 3 есе көп болып шықты, онда 10 мың тұрғынға 75 дәрігерден келеді.

Біздің өңірлерді дәрігерлермен қамтамасыз ету бойынша жасаған рейтингіміз мынадай:

*2020 жылғы мәліметтерге сәйкес

Stan.kz




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31