Мәселе

«Қазынадан 230 миллион теңге бөлінген». Қарағанды облысындағы ауылда су ішетін құдық бейіт пен қоқыстың арасынан қазылған

  • «Қазынадан 230 миллион теңге бөлінген». Қарағанды облысындағы ауылда су ішетін құдық бейіт пен қоқыстың арасынан қазылған

    «Қазынадан 230 миллион теңге бөлінген». Қарағанды облысындағы ауылда су ішетін құдық бейіт пен қоқыстың арасынан қазылған

Қарағанды облысындағы Шешенқара ауылына ауыз су құбыры толық тартылмай жатып, дау туды. Жобалау кезінде бірқатар санитарлық талап сақталмағандықтан, тұрғындар жаңадан қазылған құдық суының сапасына күмәнмен қарайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шешенқара ауылында ауыз су мәселесі жылдар бойы шешілмей келген. Мұндағы жұрт тіршілік нәрін тасып ішеді. Әр үйде құдық бар, бірақ оның суы тіпті жуынуға да жарамайды. Биыл қазынадан 230 миллион теңге қаржы бөлініп, ауылға су тарту жұмыстары басталғанда тұрғындар бөркін аспанға атып, қуанған еді. Жұрт небәрі 9 метр тереңдікте қазылған құдықтың суы сапалы болатынына күмәнмен қарайды.  

Техникалық қадағалаушылардың айтуынша, жобаның топонимикалық түсірілімі әу баста дұрыс жасалмаған. Құжатта зират та, қоқыс полигоны да көрсетілмепті. Ал енді оны қайта өзгерту үшін көп уақыт керек. Әрі тапсырыс берушілер, мердігерлер, техникалық және авторлық қадағалаушылар бір мәмілеге келуі тиіс. Оның үстіне қосымша қаражат қажет.




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.10.2020, 00:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31