Мәселе

«Кедейлер неге көп бала туады?» – ғалымдар 7 себебін айтты

  • «Кедейлер неге көп бала туады?» – ғалымдар 7 себебін айтты

    «Кедейлер неге көп бала туады?» – ғалымдар 7 себебін айтты

 Кедейлер неге көп бала туады? Байлар неге бала санын шектейді? Бұл құбылыс тек жекелеген отбасыларға емес, тұтас мемлекетке де қатысты. Мысалы, Бангладешке қарайық. Азиядағы ең мешеу елдің бірі. Аумағы алақандай ғана. Бірақ халқы 200 млн-ды маңайлап қалған.Жалпы, Оңтүстік Азия, Африка, Латын Америкасы мен Таяу Шығыс елдерінде демографиялық өсім жоғары.

Ал дамыған елдерде жағдай керісінше. Еуропаны жаппай жалғыздық жайлаған. Eurostatстатистика қызметінің зерттеуіне сүйенсек, Кәрі құрлықтағыүйлердің үштен бірінде, яғни 33 пайызында бір-ақ адам өмір сүреді екен. Швецияда бұл көрсеткіш 52 пайызға жеткен.Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония сынды бақуатты жұрттар да бала санын бір-екеуден асырмайды. Қызық. Ана мен бала өлімі аз, ұрпағы тумай жатып тұрғын үймен қамтылатын дәулетті мемлекеттер қалайша демографиялық дағдарысқа тап болған?

Ғалымдар мұның себебін түрліше түсіндіреді. Алайда нақты тұжырым жоқ.

Біріншіден, климаты қоңыржай не ыстық өңірлерде ұрпақ өрбіту оңай деседі. Халықтың тұрмысына қажет тұрғын үй, киім-кешек шығыны төмен, ішіп-жемді өндіру мүмкіндігі мол. Бір сөзбен айтқанда, өмір сүруге қолайлы.

Екіншіден, діни көзқарас. Мұсылмандар Мұхаммед Пайғамбардың: «Мен үмбетімнің көптігімен мақтанайын! Үйленіңдер, көбейіңдер!» – деген хадисіне амал етеді.

Үшіншіден, ұлттық менталитет. Кейбір халықтарда отбасы құндылығы әлі күнге дейін құрметтеледі.

Төртіншіден, гендерлік саясаттың да әсері бар. Әсіресе, батыс елдеріндеер мен әйел арасындағы тарихи қатынас бұзылған.Гендерлік саясат әйелдердің психологиясын өзгерткен, дүниеге ұрпақ әкелу және өмірдің мәні жайлы танымын трансформацияға ұшыратқан. Бала туып қиналғысы келмейтін, өзі үшін өмір сүруді артық санайтын көзқарас қоғамда берік орныққан.

Бесіншіден, демографтар білім беру деңгейі көтерілген сайын бала туу көрсеткіші азаяды деген заңдылық барын алға тартады. Тіпті, олардың өз арасында «Ең мықты контрацепция – әйелдердің білім алуы» деген әзілайтылады екен.

Алтыншыдан, урбандалу үдерісі. Қалада бала туукөрсеткішіауылмен салыстырғанда әлдеқайдатөмен.Мамандардың пікірінше, халықтың шаһарға шоғырлануықаншалықтыжоғары болса, өсу қарқынысоншалықтыбаяу болады.

Жетінші фактор табиғи түйсікке байланысты. Биология заңы бойынша неғұрлым әлсіз мақұлық соғұрлым көбірек ұрпақ өрбітеді. Кейбір сарапшылардың пайымынша, бұл ереже адамды да айналып өтпейді-міс. Мысалы, Африкадағы кедей ата-ана балаларының ауру мен аштықтан өлуі мүмкін екенін біледі. Сондықтан да мейлінше көп тууға тырысады.

Әрине, бұл гипотезаның әрқайсысын жоққа шығарып, тас-талқан қылатын қарсы уәж табу қиын емес. Әйтсе де,барлық пікірдің жаны бар екенін мойындауға мәжбүрміз.

Бір қызығы, дамыған әлем демографиялық дағдарысты қалай шешеміз дегенде, ана мен балаға жағдай жасаудан басқа амал таппай отыр. Әлеуметтік саясатын оңдау арқылы жан санын өсірген елдер баршылық.Мысалы, Польша мен Румыния жақсы үлгі көрсете білді. 1970жылдардың соңында билік басындағыларарнайы шаралар қолдана бастаған. Отбасы институын экономикалық реттеудің арқасында туу көрсеткішін 30 пайызға көтерген. Норвегияда да 1990-2000 жылдары бірқатар жұмыстар іске асырылған. Қазір бала туғанға дейін жұмыс істеген әйелдер босанған соң 42 апта бойы мемлекеттен 100 пайыз жалақысын қайтарып алады.Әкелерге де арнайы демалыс беріледі. Демек, ұлан-ғайыр жері бос жатқан, жұмыс күші жетіспейтін Қазақстан да әлеуметтік ынталандыру саясатынан бас тартпауы керек.

aikyn.kz




Көрілген: 3209    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30