Мәселе

Келесі жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркинге кіргізбейді

  • https://www.fontanka.ru/

    https://www.fontanka.ru/

2020 жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркингке қояға рұқсат берілмейді. Жыл соңына дейін осындай заң жобасы қабылданбақ, деп хабарлайды 24.kz.


Бұл туралы еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта газ баллон орнатқан көліктердің жарылуы жиілеп кеткен. Мұндай көліктер қазір тұрғын үйлердің жер асты тұрақтарына да, сауда-ойын-сауық орталықтарына да емін-еркін кіріп жүр. Жүргізушілердің көбі арзан бағасына қызығып, дәстүрлі отыннан газға көше бастаған. Сапасыз баллон орнатып алғанда, қауіп туралы ойламайды дейді. Жалпы күн суытқалы бері автокөліктердің отқа орануы жиілеген. Тек өткен аптада ғана автокөліктердің өртенуінің 68 жағдайы тіркелді.


Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:


– Газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында біз ережелердің, соның ішінде құрылыс ережелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін ойластырдық. Себебі газ бензинге қарағанда қауіпті. Әсіресе, көлік жер асты тұрағында тұрса, қауіп ұлғая түседі. Жарылыс болған жағдайда салдары өте ауыр болады. Үлкен ғимарат қирауы мүмкін. Газ жабдығы бар автомобильдердің жер асты паркингтеріне кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс жасап жатырмыз.


 




Көрілген: 1158    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 19:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31