Мәселе

Кеңес заманында құпия деп танылған құжаттарға шектеу болмауы тиіс – Берік Әбдіғалиұлы

  • Кеңес заманында құпия деп танылған құжаттарға шектеу болмауы тиіс – Берік Әбдіғалиұлы

    Кеңес заманында құпия деп танылған құжаттарға шектеу болмауы тиіс – Берік Әбдіғалиұлы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өзі мұрағаттарда жұмыс істеу барысында көптеген кедергілерге тап болады.

Бүгін баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы осылай деді. Оның айтуынша, бұл мәселені шешіп, зерттеушілер мен ғалымдарға құжаттарды қолжетімді ету керек. Кеңес заманында құпия деп танылған құжаттарға қатысты тәуелсіз Қазақстанда шектеу болмауға тиіс деді ол.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Кейбір құжаттар бүгінгі күні Ресей, Украина және басқа да мемлекеттерде интернетте, кітаптарда шығып жатыр. Ал бізде әлі де болса құпия. Бас прокуратура, Жоғарғы сот, ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұрағат мамандарымен бірігіп, арнайы комиссия ұйымдастырылып, құжаттарды кезең-кезеңмен құпиясыздандыру керек.

Елде «Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процесі: «бірыңғай деректер базасын қалыптастыру» атты ғылыми бағдарлама әзірленді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, зерттеушілер мен ғалымдар өз міндетін осы бағдарлама негізінде атқарады.

Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып Білім және ғылым министрлігі бекітілді. Қазір 11 жұмыс тобы құрылып, олардың құрамына 57 ғалым кірді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, олардың алаңдамай іске кірісуіне барлық жағдай жасалды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі: – Ең бастысы – бұл жұмыс ғылыми негізде, нақты мұрағаттарға сүйене отырып жасалуы керек. Сондықтан ғалымдарымызға тиісті жағдай жасалып, осы жұмыс әрі қарай жүргізіледі. Әрине, ғалымдарымызға тиісті мұрағаттарда жұмыс істеуі үшін рұқсатнама керек болды. Сондықтан бұл жұмысты да атқардық. Қазір ғалымдарымызда барлық мұрағатта қолжетімді болуы үшін рұқсатнама берілді.

24.kz




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 00:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31