Мәселе

ҚМДБ өкілі отбасылы әйелді зорлап, өлімге душар еткен молдаға қатысты пікір білдірді

  • © facebook.com/profile.php

    © facebook.com/profile.php

Алматы облысы Ескелді ауданының Қайнарлы ауылында болған сұмдық оқиға күллі Қазақстанға тарап кетті. Ауыл молдасының кесірінен өзіне қол жұмсаған келіншектің хикаясын бүгінде БАҚ жарыса жазуда.


Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбай Facebook-тегі ресми парақшасына жазба қалдырды.


"Қадір Әнбияға қатысты жайсыз жаңалықты қатты күйзеліспен қабылдадық... Несін жасырайық, сары уайымға салды... Өте өкінішті... Бұл оқиға оразаның рухын бұзғандай болды.


Бізде бар мәліметтер бойынша, Әнбия Қадір Қытайдан көшіп келген азамат. 2016 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы елді-мекендегі мешітке молда қызметіне тағайындалған.


2019 жылдың 30 сәуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған. Қазір мешіттің жұмысы өзге адамға жүктелді.

Орын алған оқиғаның анық-қанығы құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде. Бәрі анықталады.


Алдын ала болжамды ақпарат беруге асықпайық. Сөзсіз, кінәлі адам жазасын алады.


Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын... Жанға батқан, көңілді күпті еткен оқиға...

Ауылдың әр түкпіріндегі мешіт молдасы өсіріп, тәрбиелеп жатқан өз балаң іспетті... Жетістігіне қуанып, шалыс басқан қадамына қайғырасың...", - деп жазады Ағабек Қонарбай.


Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының Қайнарлы ауылында молданың отбасылы келіншекті төсекке сүйреп, өзіне қол салуға жеткізгені туралы жазған болатынбыз.


NUR.KZ


 




Көрілген: 1805    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31