Мәселе

"Көбейтұзды өлтірді": Енді Радон көлінде демалуға көшкен (видео)

  • Подбелковое көлі. Фото: facebook.com/Nurzhan Algashov

    Подбелковое көлі. Фото: facebook.com/Nurzhan Algashov

Қазақстандықтар тағы бір ерекше су қоймасын қорлауға көшті. Туристердің басты назарына Шығыс Қазақстан облысындағы Радон көлі (Подбелковое) іліккен. Белсенділер көл бірнеше ай ішінде Көбейтұздың күйін кеше ме деп алаңдаулы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Танымал трэвел-блогер Нұржан Алғашов Алтайдың батысындағы Ивановский жотасының ең биік жерінде орналасқан Подбелковое көліне туристердің келуі туралы айтып берді. Facebook-тегі парақшасында ол демалушылардың видеосын жариялаған, кадр сыртындағы дауыс аз уақыт ішінде көлдің қоқысқа айналғанын айтады. Видео авторының сөзінше, туристер су қоймасында әртүрлі гидроциклдер мен скутерлерді қолданып сырғанайды, ал су айдынына апаратын жол жақында ғана салынған.


"Көбейтұзды өлтірді, Есік те сол, енді келесі кезекте Риддерден алыс емес, Алтайдың батысындағы көркем жерде орналасқан Подбелковое көлі секілді. Мына адамдардың не істеп жатқанын қараңыздар! Ең бастысы – не үшін? Мұндай кристалды сұлулықты қозғалтқыштың шуымен және мотор майының төгілуімен неге ластайды? Мұндай табиғаты көркем жерлерде әсемдік пен табиғаттың дыбыстарынан ләззат алу керек", – дейді Алғашов.

 

Мәселеге қатысты түсінік алу үшін NUR.KZ редакциясы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне жүгінді. Подбелковое көлі Ворошилов шыңының етегіндегі Ивановский жотасында орналасқан. Көл Риддер қаласынан 30 шақырым және Поперечное ауылынан 10 шақырым жерде жатыр. Көпшілік су емдік қасиеттерге ие деп санайды, өйткені бір кездері радон концентрациясы осы жерден табылған. САВО және Ворошилов шыңдары Подбелковое жағасында орналасқан. Бұл - жергілікті тұрғындардың сүйікті жерлерінің бірі.

 

Естеріңізге сала кетейік, Көбейтұз көлі астаналықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Көп ұзамай елордалықтар көл түбіндегі тұзды қазып алып, оны сатумен айналысқан. Экологтар адамдардың қатігездігінен көл жоғалып кетуі мүмкін деп есептеді, сондықтан билік бірегей су қоймасын жабу туралы шешім қабылдады.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/nurzhanalgashov/videos/3335014239895558/

 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30