Мәселе

Көлгінов өз орынбасарларын жазалайтын болды

  • Көлгінов өз орынбасарларын жазалайтын болды

    Көлгінов өз орынбасарларын жазалайтын болды

  • Көлгінов өз орынбасарларын жазалайтын болды

    Көлгінов өз орынбасарларын жазалайтын болды

Астана әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында өз жұмысын сапалы орындамайтын аудан әкімдері жазаға тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көктем келісімен қаланы ретке келтіру керек. Бұл – санитарлық тазалау, қарды уақытылы шығару, абаттандыру, қасбеттерді тиісті қалыпқа келтіру және т. б. жұмыстар көбейеді. Тұрғындар тарапынан өтініштер жиілеп кетті. Қаланы аралау барысында барлық аудан әкімдерінің өз жұмыстарын сапалы атқара бермейтіні көрінеді. Аудандық әкімдіктерде жауапкершілікті бір-біріне бұру фактілері бар», - деп атап өтті Алтай Көлгінов өз жазбасында.

Әкімнің мәліметіне сүйенсек, ең көп шағым Есіл және Алматы аудандары бойынша түсіп жатыр. Бұл – аумақтарды уақытылы жинамау, мердігерлік ұйымдардың жұмысын нашар бақылау, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап бермеу мәселелері. Кей жұмыстар тіптен аяқсыз қалған. Алматы және Есіл аудандарының әкімдеріне қатаң ескерту жасалды.

«Барлық аудан әкімдеріне кабинеттерден шығып, өз аумақтарын жаяу аралап, мәселелерді шешуді, сеніп тапсырылған учаскелерге жауап беру тапсырылды. Барлық кемшіліктер қысқа мерзімде түзетілуі керек. Жұмыстарды сапасыз және уақытылы орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартамыз», — деп жазды елорда әкімі.

sn.kz




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 09:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30