Мәселе

Көлікті мемлекеттік нөмірінсіз айдағандар анықталды

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Атырауда «ақылды» «Сергек» жүйесі пайда болғалы нөмірсіз көліктер қозғалысы байқалады. Тек екі күннің ішінде, 16-17 қыркүйекте полиция қызметкерлері жол бойынан нөмір тақпаған 21 көлікті анықтады.

 

- Біреулері көлік нөмірін жүк салғышына салып жүрген, енді бірінің нөмірін анықтау мүмкін болмады, ал басқалары оны үйде «ұмытып» кетіпті, - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Нәтижесінде ереже бұзушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, 10 АЕК (27 780 теңге) айыппұл салынды. Бұдан басқа, сегіз көлік айып тұрағына қойылды.

 

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйектен бастап Атырауда жылдамдықты бұзу, тыйым салынған бағдаршам белгісінен өту, тоқтау сызығын басу және жол таңбалары сызықтарын бұзуды тіркейтін «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

 

 azh.kz




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 01:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31