Мәселе

«Көп әйел алуды заңдастырсақ, зинақорлық азаяр еді» — Ильдар Аляутдинов

  • «Көп әйел алуды заңдастырсақ, зинақорлық азаяр еді» — Ильдар Аляутдинов

    «Көп әйел алуды заңдастырсақ, зинақорлық азаяр еді» — Ильдар Аляутдинов

 Ресейде еркек аздау, әйелдер көп. Содан туындап отырған көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін көп әйел алуды заңдастырып жіберейік, деп мәлімдеді Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов, деп хабарлайды Zakon.kz.РИА Новости-ға сілтеме жасап.


Бұған дейін Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы шейх Равиль Гайнутдин да елдің мұсылман аймақтарында көп әйел алуды заңдастыруды орынды деп санайтынын айтқан. Оның айтуынша, заңды полигамия «40 көңілдесіне барып, одан туған балаларына бас қатырмайтын» қазіргі еркектерді сабасына түсіреді.


«Мен көп әйел алуды заңдастыру қажет деп санаймын. Бұл дұрыс нәрсе, оған кейбір діндер, оның ішінде ислам діні де рұқсат береді, - дейді Аляутдинов.


Мүфти Ресейдегі әйелдердің саны еркектерден асып түсетінін ескеруге шақырды – Росстат дерегінше, елдегі әйелден саны еркектерден 10 млн адамға артық. Сонымен қатар, Ресейде ажырасқан, немесе жесір әйелдер проблемасы» көптеп кездеседі. Оның үстіне, Татарстан, Шешенстан, Дағыстан сияқты өңірлерде онсыз да үндемей жүріп көп әйел алып алған адамдар бар, - деді ол.


«Көп әйел алуды заңдастыру – әйел құқығының сақталуына кепіл болады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, қазір әйелдер мүлдем қорғалмаған. Мұсылмандар Шариғатты ұстанатынына қарамастан, еліміздегі азаматтық-құқықтық қатынастар Ресей заңдарымен реттеледі. Сондықтан әйелдер толыққанды, тең құқылы екінші әйел бола алатындай етіп, заңнамалық деңгейде қорғау тетіктерін құру керек, бұл көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, зинақорлық азаяр еді» - деді Ильдар Аляутдинов.

Ол бұл мәселені тек ислам заңдарын қатты білетін сарапшылар мен құзырлы органдардың бірлесе қарастыруы қажет екенін атап өтті.


«Көп әйел алу – өте күрделі жүйе, онда әрбір ерлі-зайыптының құқықтарын ғана емес, сонымен бірге әрбір адамның жеке міндеттерін де ескеру қажет. Бұл жағдайда еркекке үлкен жауапкершілік жүктеледі: қаржылық қолдау, бос уақытын әйелдеріне теңдей бөлу, бала тәрбиесі және т.б. Сондықтан көп әйел алғысы келетін әр еркектің жағдайын жеке-дара қарастырған жөн, өмірдің түрлі жағдайларын ескеріп, неке рәсімдеудің барлық талаптары бірден көрсетілуі керек», - деп түйіндеді ол. 


 Sn.kz




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 10:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31