Мәселе

Көпбалалы отбасыларға қатысты аудиожазбадағы дауыс Әйтімованікі емес - ҚР ІІМ

  • © Матрица.kz

    © Матрица.kz

Әлеуметтік желіде тараған балағатқа толы аудиожазбадағы дауыс сенатор Бірғаным Әйтімованікі емес. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оның атап өтуінше, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Әйтімова өзінің дауысын, суреті мен қызметін көрсету арқылы әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың жәрдемақысы жөнінде жалған ақпараттың тарауына қатысты шағым түсірген.


Осыған орай департамент ҚР ҚК 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


«Сараптама қорытындысына сәйкес таратылған аудиожазбадағы дауыс ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Әйтімованікі емес. Қасақана жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтау туралы шағым түсуіне байланысты тергеу органдары кінәлілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша барлық шараны қабылдап жатыр», - деді Н.Ораз.


 




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 20:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31