Мәселе

Қорғаныс министрлігі бойына "жын кірген" сарбазға қатысты пікір білдірді - видео

  • Қорғаныс министрлігі бойына

    Қорғаныс министрлігі бойына "жын кірген" сарбазға қатысты пікір білдірді - видео

Сарбаз аймақтық шақыру комиссиясының шешімімен әскерге алынды. Ол кезде денсаулығында кінәрат бар екені анықталмаған

Қорғаныс министрлігі дін өкілі "жын кірді" деп баға берген сарбаздың әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шекара қызметінде борышын өтеп жүрген сарбаздың түсініксіз әрекеті түсірілген видео желіде тараған болатын. Сарбаз осы күзде әскерге шақырылған.

Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығы Сәкен Жүсіпов осы мәселеге қатысты шекара қызметінде ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, тексеру қорытындысы жарияланатын болады.

"Сарбаз аймақтық шақыру комиссиясының шешімімен әскерге шақырылған. Ол кезде денсаулығында кінәрат бар екені анықталмаған", - дейді полковник.
Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы сарбаздың түсініксіз әрі қорқынышты әрекеті қазнетті шулатты. 

Жын шығару ісімен 5 жылдан бері айналысатын Данияр Ибрахимұлының айтуынша, сарбаздың бойында жын бар. Діни қызметкердің тағы бір нұсқасы бар. Оның ойынша, сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін. 

Ал психолог жас сарбаздың психикалық ақауы болуы мүмкін деп отыр. Әскерге шақырғанда дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп есептейді ол.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психикалық ауруы бар адамға тән мінез танытқан сарбаздың шекара қызметіне әскерге шақырылғанын растаған болатын.

Әскерге шақыру

1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады. Күзгі әскерге шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғасады. Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ, жасы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады.

Пандемияға байланысты әскерге шақырылатындар екі рет ПТР-тест тапсырады: әскерге шақыру кезінде жиын пунктерінде және әскери бөлімге келген кезде.

Цифрлық даму министрлігінің 1414 қызметі арқылы әскерге шақырылатындарға SMS жолданады. Бұл жеке қарым-қатынасты болдырмауға мүмкіндік береді, яғни инфекция жұқтыру қаупін азайтады.




Көрілген: 806    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 21:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31