Мәселе

Коронавирус: Елімізде тағы бір өңір "қызыл" аймаққа кірді

  • https://khabar.kz/

    https://khabar.kz/

Ақмола облысы коронавирус жұқтырғандардың артуына байланысты "қызыл" аймаққа кірді. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина хабарлады. Тек өткен тәулік ішінде өңірде COVID-19-дың тағы 61 жағдайы тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бір апта бұрын ақмолалықтар "сары" аймақтан "жасылға" ауысқанына қуанған еді, алайда бұл ұзаққа созылмады.

 

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның сөзінше, қазіргі уақытта облыс "қызыл" аймақта тұр. Тек өткен тәуліктің өзінде мұнда коронавирустың 61 жағдайы тіркелген.

 

Сарапшылардың пікірінше, вирус жұқтырғандардың артуы бірқатар себептерге байланысты. Олардың қатарында маусымдық аурулардың әсер етуі, тест көлемінің ұлғаюы және тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауы бар.

 

Айнагүл Мусина облыс аумағында коронавирусты жұқтыру бойынша Көкшетау қаласы көш бастап тұрғанын, онда күн сайын 30-ға дейін вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп жатқанын атап өтті.

 

Одан кейін Степногорск қаласы мен Бурабай ауданы орналасқан.

 

Өткен аптамен салыстырғанда өңірде ауру өсімі 1,3 есеге артқан.

 

Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша, соңғы күндері тест тапсырушылардың да көлемі артқан. Ақмолалықтар күн сайын 6 зертханада 1800 анализ тапсыруда.

 

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 716 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 126 182-ге жетті.

 

Жалпы елімізде коронавирустың таралу қарқыны бойынша бұған дейін Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар мен Қостанай облыстары "қызыл аймаққа" енген еді.

 

 




Көрілген: 998    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 22:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31