Мәселе

Коронавирустың тағы бір қауіпті штамы пайда болды

  • Коронавирустың тағы бір қауіпті штамы пайда болды

    Коронавирустың тағы бір қауіпті штамы пайда болды

Беларусьте коронавирустың жаңа штамы тіркелді. Бұл туралы Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас санитарлық дәрігер Александр Тарасенко «Беларусь 1» телеарнасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде көбіне дельта-штамм анықталып жатыр, алайда қыркүйектің басынан бері біз вирустың дельта лайт штамын байқай бастадық. Әзірге екеуінің арасында қатты айырмашылықты көрмедік, ондай жағдайлар аз», - деді Александр Тарасенко.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирус адамнан адамға бұрынғыдан да тезірек жұғады. «Бұрын вирус 15 минут және одан көп уақыт ішінде жұғатынын айтқан едік, жаңа штаммды жұқтыру үшін ауырған адамның қасында екі минут қалу да жеткілікті», - деді ол.

Одан бөлек, көбіне аталған дертке көбіне 30-30, 40-49 жас аралығындағы жастар шалдығып жатыр. «Минскіде, басқа өңірлерге қарағанда, вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі – 18-29 жастағы азаматтар», - деп қосты Александр Тарасенко.

Аурудың клиникалық көрінісінде айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, бұрын аурудың ауыр кезі 7-8-ші күн болса, қазір ол 3-4-ші күнге келеді. «Делта-штамм бәрібір ауруға өзгерістер енгізіп жатыр», - деп нақтылады Тарасенко.
 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 00:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31