Мәселе

«Крис-П» қондырғылары жазған айыппұл жарамсыз деп танылуы мүмкін

  • © Almaty.tv

    © Almaty.tv

Алматыға фоторадарларды орнатқан компанияның бұрынғы қызметкері бүгін осындай мәлімдеме жасады. Мекеме директорының бұрынғы орынбасары Тимур Нигмадиловтың айтуынша, мобильді кешендер дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Себебі, тасымалдаушы компания 2015 жылы қалалық Полиция департаментіне 10 радарды бір жылдық кепілмен тарту еткен. Бірақ мұндай құрылғылардың жұмысын әр жыл сайын тексеріп отыру қажет екен. Өйткені жүйе өзінің жылдамдықты есептеу параметрлерін жоғалтуы мүмкін.



«Хаттамаға сәйкес, мұндай құрылғылардың жұмысын жылына бір рет тексеру жүргізіледі. Ол үшін радарлар орнатылған қалада сертификатталған зертхана болуы керек. Біздің жағдайда, бұл –Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында орналасқан Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы. Бірақ, өкінішке қарай, ол орталықтың техникалық мүмкіндігі жоқ. Сондықтан Алматыдағы «Крис-П» құрылғыларының жұмысы орнатылғалы бері тексерілген жоқ. Олардың жылдамдықты қаншалықты шынайы есептеп келгені және жүргізушілерге айыппұлдың қаншалықты орынды берілгені күмән тудырады», – деді қондырғыларды тасымалдаушы компания директорының бұрынғы орынбасары ТИМУР НИГМАДИЛОВ.


Ал Алматының Полиция Департаменті аталған мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. 




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30