Мәселе

"Құдай үшін қоқысты жинаңыздаршы": Маңғыстауда қыдырған америкалық туризмді дамытудың жолын айтты

  • "Құдай үшін қоқысты жинаңыздаршы": Маңғыстауда қыдырған америкалық туризмді дамытудың жолын айтты

Дәл қазір Милос Пиервола Иракта балаларға арналған альпинизм мектебін ашып, оларды өңірлерінде бұрын-соңды болмаған спорт түріне баулып жүр. Нью-Йорк азаматының иелігінде жеке туристік агенттік бар. Көп уақытын саяхатқа арнап, суретке түсіргенді ұнатады. Ара-тұра сурет көрмелерін ұйымдастырады. Жуырда ол ата-анасының арқасында Маңғыстау өлкесінде болып, Қазақстандағы туризмді дамытқысы келетіндерге кеңес айтты, деп хабарлайды  Stan.kz тілшісі.

«Бір жылдан кейін Ақтауды Гавайға айналдырып жібереміз деп ойламаңыздар. Десе де, сіздер бұл өлкеге келушілердің санын арттыру үшін белгілі бір нәрселерді істей аласыздар. Бірінші қоқыстан бастасақ, оны тазалауға болады. Бүгін сіздердің ұлттық валюталарыңызда көрсетілген жерге барып қайттым. Шын мәнінде, Шерғала аздап полигонға ұқсап тұрды», - дейді ол.


Әрі қарай Милос Пиервола транспорт мәселесіне назар аударуға кеңес берді. Яғни мұнда бастысы пойыз жолын салу және т.б. емес, керісінше джип-турлардың дамуына көмектесу.


«Бір жерден екінші жерге жетудің қиын екені айтпаса көзге көрініп тұрғаны анық. Мысалы, жетуі қиын Исландияны алайықшы. 10 жыл бұрын ғана ол жерге ешкім бармаған еді. Бүгінде ол әлемдегі №1 локацияға айналып отыр. Осы орайда жолды жылдамдатып салып бітуге уақыттарыңыз жетпей жатса, неге қазір бар жолға ыңғайлы транспорт түрін таңдамасқа? Шақпақатада жүріп неміс отбасымен жолықтық. Олар дөңгелегі бар үймен жүр. Бұл – өз кезегінде кез келген жолда жүре алатын транспорт түрі. Әдетте мұндай үйі бар туристер өте бай болады. Олар барлық адам баратын емес, керісінше көптің аяғы басып көрмеген жерлерді іздейді», - деді туристік агенттіктің директоры.


тау


Әрі қарай маман туристердің екі түрі болатынын атап өтті. Солардың бірі – «овермен тревелерс». Олар жаңа объектілер мен локацияларды ашуға құмар. Саяхаттың бұл түрін таңдайтын азаматтар өлке туралы шетелдіктерге ақпарат таратуға көмектеседі.


«Солардың арқасында бұл жердің суреттерін бүкіл әлем көретін болады. 10 жылдан кейін әлемдегі тамаша өлкелердің қатарына қосылуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сондай-ақ, сіздерде бар ландшафтілер дронмен әртүрлі түсірілім өткізуге өте қолайлы. Мұны өзіндік «фишка» деп атауға болады. Мемлекетке бай туристерді ғана тартқан дұрысырақ деген пікірдемін: материалдық тұрғыдан да, ой-өріс жағынан да. Әлемдік деңгейдегі фотографтарды да шақыруды ұмытпаңыздар. Олар бір рет келсе болғаны, өз ісін жақсылап тындырып кетеді», - дейді Милос Пиервола.


Әрі қарай саяхатшы қолда бар ресурстармен-ақ жұмыс істей беруге кеңес берді. Айтуынша, кез келген жобаның ауқымы уақыт өте келе өздігінен кеңейетін болады.




«Әйел адам бюджетте қанша ақша барын айтудан бас тартты. Сол себепті ол жерде «0» теңге бар шығар деп тұрмын. Мұндай қаржыға байланысты проблемаларыңыз болса, джип-тур ұйымдастыратын азаматтардың көмегіне жүгініңіздер. Мысалы, олар бастапқы нүктені «Көгез» етіп белгілесе, ар жағын өздері ұйымдастырып алады. Ең бастысы – туристердің осы жерде жүрген кезде жақсы әсер алуы.


Жоғарыда айтып өткенімдей территорияны Исландия секілді VIP клиенттерге ғана арнап ұйымдастыруға кеңес беретін едім. Яғни діттеген клиенттеріңіз – тек бай-бағландар болуы тиіс. Қалғандары осында келген байларға қызғанышпен қарап, келу үшін ақша жинайды. Бір шетінен казино, тау шаңғысы жоқ. Құдды Марста өмір сүріп жатқандайсыздар. Өздеріңізге ғана тән ерекшеліктер барын ұмытпаңыздар», - деді маман.


Сөз соңында ол мұнда орта таптағы туристер үшін жағдай жасалып жатқандықтан, байлардың жақын арада көп келе қоймайтынын сөз етті. Мұнымен қатар, «Құдай үшін қоқысты тазалаңыздаршы» деп өтініш айтты.

Саяхаттап жүріп автобус жүргізушісінен тоқтап, қоқысты алып кетейік деп өтінген екен.


 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 21:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30