Мәселе

Құлдықта болған қыз құтқарылды (видео)

  • © 31 арна

    © 31 арна

Алматыда «31 арнаның» өтінішімен арнайы жасақ сарбаздары Алғабас ықшам ауданындағы наубайханаға осылай басып кірді. Өйткені, «25 жастағы қызымды 3 жылдан бері осы адресте құлдықта ұстап отыр» деп, Өзбекстаннан анасы көмек сұрап хабарласқан.

 

Расымен де Камила Епназарова дәл осы үйде жұмысқа жегіліп келгені анықталды.

 

Камиланың айтуынша, наубайханадағы соққылардан денесінде көгермеген жері қалмапты. Тіпті, кейде олар аяқтан теуіп, ыстық көсеуді басып алатын деп егіліп жылап басынан өткен жағдайды Камила әрең айтып берді.

 

Жас қызды құтқаруға арналған арнайы операцияны ұйымдастыруға ұйытқы болған әріптесім Әйгерім Ердәулет.

 

Үш жылдан бері өмірім тозаққа айналды деген Камила Епназарова оны құтқаруға келгендерді көріп еңіреп жіберді.

 

Айтуынша, түнгі сағат 11-де наубайханада жұмысы басталып, келесі күні кешкі 5-те бітеді екен. Жұмысты баяу істеп қалса, кәсіпорын басшысының туған інісі жұдырық алып жүгіреді, шоққа көсеуді қыздырып, денемді де бірнеше рет күйдірді дейді.

 

Ал ащы суға сылқия тойып алған күні ұйықтап жатқан жерінен сан мәрте келіп тепкінің астына алғанын айтады.

 

Қайтсем де бұл қорлықтан қашып құтыламын деген қыз, шешесін уайымға салмас үшін тіс жармай келген екен. Оның үстіне, ұрып-соғып, жұмысқа жегетіндер аузыңды ашсаң, айтпады демеге салып қоқан-лоқы көрсетеді дейді.

 

КАМИЛА ЕПНАЗАРОВА, жәбірленуші:

 

- Ішіп келді де түрте берді, түрте берді. Мен айттым Шурик қой дедім деп. Не болды соншама деп боқтады. Мен шешеден боқтама дедім. Сөйтсем сен неге маған айқайлап сөйлейсің деп келіп теуіп кетті. Кейін ақсаңдап жүргенде хозяйка айтты не болды деп. Мен хозяйкадан жасырып жүрдім, аяғым ағашқа тиіп кетті деп. Хозяйка айтты мен білем, жасырмай-ақ қой деді.

 

Наубайхана басшылары Камиланың таяқ жеп жүргенін білсе де, араша түспеген. Ал кәсіпорын иесінің бауыры камераның алдында 3 жыл бұрын тепкенін есіне алып, ыстық көсеуді басып алғанын да мойындады.

 

ШАРАПАТ АҚПАНОВ:

 

- Ол үш жыл бұрын болған. Ойнап тепкенмін. Темірмен басып алғаным рас, бірақ мен оны тартып алдым.

 

Камиланы жұмысқа қабылдаған кезде 200 доллар қарыз берген наубайхана басшысы оның әлі берешегі бар, сондықтан құжатын тартып алдық дейді. Бірақ айына 150 мың теңге еңбекақысын беріп отырмыз деген олар, келіншектің қолына айына 20-30 мың теңге ғана ұстатып келген екен.

 

КАМИЛА ЕПНАЗАРОВА, Жәбірленуші:

 

- 150 мың теңге алмаймын. 20, 25 асып кетсе 30 мың теңге аламын.

 

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер жұмысшылардың ешқайсысында еңбек кітапшасы жоқ екенін, цехта қауіпсіздік шаралары мен қоса тазалық талаптары сақталмағанын мойындап отыр. Кіреберістен бастап бейнебақылау орнатқан кәсіпкерлер, наубайхананың ішіндегі 4 камера да екі күннен бері істемей қалды дейді.

 

РАХАТ АҚПАНОВ, наубайхана басшысы:

 

- Процессор бұзылып, оны ремонтқа алып кеткен. 1-2 күн болды жұмыс істемей тұр. Сырттағы камера да екі-үш күн болды түсірмей тұр.

 

Алғабас ықшам ауданындағы Жаңа құрылыс көшесіндегі бұл үйде Камиладан басқа, тағы да 7-8 адамның заңсыз жұмыс істеп келгені анықталды. Жұмысшылармен қоса кәсіпорын басшыларын полиция қызметкерлері тергеуге алып кетті.

 

Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек, бұл жайт қатаң бақылауда болатындығын мәлім етті.

 

Ал Өзбекстандағы Камиланың шешесі бауыр еті баласын қор қылғандар жазасын алып, қызымды Өзбекстанға қайтарыңыздаршы деп етегі жасқа толып отыр.

 

АЙШОЛПАН ДАЛЕНОВА, Камила Репназарованың анасы:

 

- Мен 2-3 күн бұрын ғана білдім. Қызымды қайтаруға көмектесіңіздерші.

 

jasqazaq.kz




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31