Мәселе

Курсанттың өлімі. Қазақстандық ата-аналар үн қосты

  • Курсанттың өлімі. Қазақстандық ата-аналар үн қосты

    Курсанттың өлімі. Қазақстандық ата-аналар үн қосты

Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылған. Оның анасы "Уральская неделя" газетіне қаза туралы ақпарат шыққаннан кейін басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Саламат Өтегеновтің анасына басқа курсанттардың ата-аналары оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері бар екенін айтқан.

"Ұлым туралы материал шыққаннан кейін маған WhatsApp желісіне ІІМ академиясынан тағы екі ата-ана жазды. Олар дәл қайсы академияда оқитынын айтқан жоқ, бірақ біреуі ұлы "қысым жасалғаннан кейін ІІМ академиясынан кеткенін" жазған. Екінші ата-ана баласы оқитын академияда ақша жиналатыны туралы айтты ", - деді Бекзат Иманғалиева.
 
Басылымның хабарлауынша, әйелге хат жазған ата-аналар аты-жөнін жарияламауды және журналистермен сұхбаттасқысы келмейтінін айтқан.

Саламат Өтегенов. © uralskweek.kz

Еске салайық, Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылған болатын. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді.

Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған. Сол күн ІІМ академиясындағылар Саламаттың ата-анасына қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. 15 желтоқсанда Саламаттың денесі Оралға жеткізілді. 16 желтоқсанда Саламат Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылында жерленді. Журналистер Саламат Өтегеновтің анасымен сөйлескен еді. Бекзат Иманғалиева отбасындағы қиындықтар туралы айтып берді. Анасының айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған, оның ішінде қысқы сессияны тапсыруға 80 мың теңге де сұраған кездер болыпты.

лматыдағы Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза болуына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның барысында қаза тапқан курсанттың туыстары баяндаған барлық дәлел тексерілді. 

Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылаудың жоқтығы үшін атқарып отырған лауазымынан академия басшысы Өмербай Смайылов босатылды.




Көрілген: 1917    Пікірлер: 0

жұма, 25.12.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28